Теміржолшылар – жалпықалалық сенбілікте 

Жаңалықтар
03.05.2017, 10:24
Оқуға 2 мин
  Көктем келгелі күн сайын ажарланып жатқан  ару Астананың келбетін  жаңғыртуға теміржолшылар да үлес қосуда. Жақындап келе жатқан ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында және көктемгі жаңару тұсында Елордада өткен бүкілқалалық сенбілікке «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның филиалдарынан жүздеген-мыңдаған адам қатысты.  Өткен сенбіде Астана көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге шыққан қалың елдің қатарында ҚТЖ орталық аппарат пен магистральдық желі дирекциясы, басқа да филиалдар еңбеккерлері бір кісідей қатысып, Теміржолшылардың бас әкімшілік ғимаратынан бастап, ішкі-сыртқы аула, аумақ, барлығы 2000 метр жерді қоқыстан тазалады. Бұдан басқа теміржолшылар өздеріне бөлінген телімдерді арам шөптерден, жиналған қоқыстардан, сынған, құлаған бұталардан тазалап,  өздерімен бірге барлық құрал-саймандарын түгендеп барды. Теміржол бойынан бөлек,  сенбілік барысында автожол бойларында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, өнімді еңбек еткен сала қызметкерлері  қалалықтармен қатар трассалар, скверлер мен аллеялар бойын, газондарды тазалап, жуып-шайып,  ақтап-сырлап, туған қалаларына деген махаббаттарын паш етті. Айта кетейік, бұл теміржолшылардың осымен екінші мәрте өткізіп отырған сенбілігі. Алдағы дүбірлді шара «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында бүкіл еліміз бойынша дайындық жұмыстары қарқын алған шақта бұл елордалықтар үшін соңғы сенбілік болмасы анық. Демек, сырттан келер қонақтарды туған қаламыздың сыланған арудай сән-салтанатпен қарсы алуы үшін қанша тер төксек те артық емес.

НҰРАЙ СӘРСЕНҒАЛИ

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті