Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Sovico Group» арасында көлік және логистика саласындағы өзара түсіністік және ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар Қазақстандағы көлік-сауда хабтарын дамыту саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді айқындау және зерделеу бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

«Sovico Group» корпорациясы Вьетнамның әртүрлі секторларда – логистика, авиация, жылжымайтын мүлік, энергетика, активтерді басқару, цифрлық трансформация және т. б. ірі инвестор болып табылады.