60 мың теңге жинады 

Жаңалықтар
03.05.2017, 11:47
Семейлік теміржолшы жастар осымен биылғы жылдың ішінде екінші мәрте арнайы жәрмеңке өткізді. Бірінші жәрмеңкеден түскен ақшаны мүгедек балаларға жұмсаған болатын. Апта бұрын хабарландырулар ілініп, екі күн қатарынан бөлімшенің бас кеңсесі ауласында таңертеңгілік мезгілде тағам өнімдерінің саудасы ұйымдастырылды. Ас-ауқаттың барлығын теміржолшы қыз-келіншектер үйлерінен өздері әзірлеп әкелген. Тіпті жігіттер де отбасында жұбайларына арнайы түрде тәттілер мен тіске басар пісіртіп әкелген екен. Сәйкесінше, бұл күндері бөлімше қызметкерлері түскі асқа асханаға бармай-ақ, түстік мәзірді жастардың жәрмеңкесінен сатып алуды ұйғарды. Аталмыш шараға барша теміржолшылар, мекеме басшылары да ат салысты. Шағын әрі ықшам түрде ұйымдастырылған жәрмеңке бас-аяғы бір сағатқа жетпей тәмамдалды. Мәзірдегі ас түрлері де әр алуан екен. Тіпті, орыс, татар, кавказ дастарханынан да дәм түрлері бар. Теміржолшылар жастардың үйден әзірлеп әкелген тәтті торттарын, кондитерлік өнімдері мен ыстық самса, көкөніс салмасы бар бүктеме, манты, орама, тоқаш, бәліштерін дем сәтте сатып алып, кейін келгендеріне жетпей де қалып жатты. Салқын тағам түрлерінен балғын салаттар, басытқылар бар екен. Бұл жолы жастар қауымы әсіресе ыстық тағам түрлерін молырақ әкелуге тырысыпты. Ссондықтан да болар, осы жолғы жәрмеңкеде бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейде қаражат түсіпті. Екі күн ішіндегі екі сағат барысында жастардың қайырымдылық мақсатында ашқан бюджетіне 60 мың теңгеден аса сома жиналды. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды