Басты құндылық – қауіпсіздік
28 сәуір – Дүниежізілік еңбекті қорғау күні. Осыған орай, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен шара «Басты құндылық – қауіпсіздік» тақырыбына арналды.
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов айтулы күнді кең көлемде атап өту, мерекенің маңызын слайд-шоу немесе бейнероликтер көрсету арқылы ашу қажеттігін айтып тапсырма берген болатын. «Өйткені, теміржолшылар үшін қауіпсіздікті арттыру, жазатайым жағдайлардың алдын алу, адам өмірінен асқан құндылық», – деді ол.
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Т.Разов пен еңбек қорғау инженері Ж.Шуиншалиева, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының цехтық кәсіподақ ұйымының төрағасы, еңбек қорғау инженері Ә.Набиханов, Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Б.Жолмырзаевтар сөз алып, жұмыс барысында опат болған және ауыр жарақат алған әріптестерін еске алып, өндірісте басты ереже – қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Шара барысында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арнайы куәліктерге ие болып, Алғыс хаттар мен ақшалай-заттай сыйлықтармен марапатталды. Солардың бірі – Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының техникалық инспекторы Бекмырза Жолмырзаев: «Дистанция бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылып, мекеме еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітілді. Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарындағы №41 бұйрық негізінде 6 техникалық инспектор тағайындалды. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмысшылардың еңбек жағдайларының жай-күйін, жұмыс барысындағы тәуекелдерді, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптардың сақталуын бағалап, анықталған сәйкесіздіктерді жою мақсатындағы шаралардың орындалуын тексеруде. Мәселен, ағымдағы жылдың төрт айында дистанцияның техникалық инспекторлары 39 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 36 кемшілік анықтады. Дистанция жұмысшылары арнайы киім, жеке қорғаныс құралдарымен, сүтпен және сабынмен толық қамтамасыз етілді», – деген ақпармен бөлісті.
Әсел Таңатарова,
Маңғыстау.
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті