Әулет атына кір келтірмей...

Жаңалықтар
03.05.2017, 14:37
Оқуға 2 мин

Семей темір жолының  Жаңғызтөбе станциясында байырғы теміржолшылар әулеті  Гулмановтар отбасын кім білмейді?! Екі мәрте Құрметті теміржолшы атағын иеленген, 40 жылдан аса станция бастығы қызметін атқарған Бәзкен Гулманов династияның негізін қалаушы.   Қазіргі күні станцияда Гулмановтардың үшінші-төртінші буыны еңбек етуде.  Ал аға буын өкілдерінен Бақытгүл Гулманованың есімі аталады. Бүгінгі таңда аға тауар кассирі болып еңбек ететін Бахытгүл апа енді екі-үш айда зейнеткерлікке шықпақ. Осыдан 35 жыл бұрын бұл әулетке келін болып түскен ол әрі қарай осы отбасының дәстүрін жалғастырып, теміржол саласында еңбек жолын бастапты. Алғашқыда билет кассирі, кейін  тауар кассирі болып,  станция бастығы қызметін атқарған жолдасымен һәм оның туыстарымен бірге тізе қосып, Жаңғызтөбенің ыстығына күйіп, суығына тоңды. Расында да бұл жердің ауа райы аса қатаң. Жайдары жаз мезгілінің өзінде аяқ астынан шаңды дауыл көтеріліп, ғимараттар шатырлары ұшып, аласапыран орнайтыны бар. Ал, қысқы мезгілде ат құлағы көрінбес ақ түтек боранмен күресе жүріп, бағыттамалар бойындағы қалың қарды тазалауға бір кісідей жұмылады. Сөйтіп жүріп,  бір сәтке де вагондар ағынын тоқтатқан емес.   –Күнде кешкілік дастархан басында барлық әулет мүшелері бас қосқан сайын айтылатын ортақ әңгіме – теміржол саласындағы жұмысы туралы болады. Кейде, қызметтік мәселелерді талқылаумен болатынбыз. Төрелікті атамыз Бәзкен ақсақал айтатын-ды. Көпті көрген жанның кеңестерін көңілге түйіп жүретінбіз. Ойлап қарасам, осының өзі біздің әулеттің теміржол саласына берілгендігінің, осынау салаға адал қызмет еткенін айғақтаса керек-ті, –дейді Бақытгүл Манашқызы өткен күндер естеліктерінен сыр шерткенде. Қазіргі күні кейіпкеріміз жас мамандардың тәлімгері. Аталмыш саладан көрген-түйгені көп маманнан кеңес сұрайтын жас толқын әріптестері көп. Жүк тиеу мен түсіруге байланысты берілген жоспарды орындау – бүкіл ұжымның ортақ мақсаты. Ал, жүк тасымалы бойынша тапсырыс беруші клиенттердің тілін тауып жұмыс істеудің қыр-сырын  – Бақыт сынды тәжірибелі мамандар жақсы меңгерген. – Енді екі-үш айдан соң зейнеткерлікке шықпақпын. Осынау салаға келгеніме еш өкінбеймін. Әулеттің атына кір келтірмей  еңбек еттім деп санаймын. Ендігі кезекті жолымды жастарға берсем деймін. Заман солардың қолында. Біз тек ақылшы әрі тілекшіміз, – дейді Бақыт Гульманова. –Теміржол саласындағы еңбек әулеттерінің тағылымдық, тәрбиелік тұрғыдан берері көп. Бұл ретте бүкіл ғұмырын осы қызметке арнаған Бақыт Манашқызының әсіресе кейінгі буынға үйретері көп, – дейді Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев. Ал, Жаңғызтөбе станциясындағы аталмыш әулеттің ең үлкені ендігі аралықта бағыттау қосынының аға кезекшісі Жұмабек Солтанбекұлы Гулманов болмақ.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Жаңғызтөбе

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті