Ұжым өз таңдауын жасады

Жаңалықтар
03.05.2017, 14:56
Оқуға 2 мин
Өткен аптада «Семей ЖТ бөлімшесі» кәсіподағы ұйымының филиалы Семей локомотив депосындағы кезектен тыс конференцияда жаңа төраға сайланды. Мандат комиссиясы есебінше, 450 мүшесі бар филиалдың бастауыш ұйымынан 85 делегат сайланған екен. Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподағы ұйымының төрағасы Асхат Жармұхаметов жүргізген конференцияға «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ ұйымының бас бухгалтері Айқын Өтегенов, салалық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Семей аймағы бойынша өкілі Алик Досанов және депо бастығы Дәулет Ыдырысов қатысты. Алғашқы болып сөз алған Айқын Серікұлы локомотив депосы бастауыш кәсіподағын 15 жыл басқарған Мұрат Исаковқа «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Төлегеновтың алғысын жеткізіп, иығына шапан жауып, үлкен теледидар сыйға тартты. Салалық кәсіподақ ұйымы орталық кеңес өкілі Алик Досанов локомотив депосы бастауыш кәсіподақ ұйымының өткен кезең ішінде атқарған іс-шараларына тоқталып, ұйым жұмысына оң баға берді. Ал оның төрағасы Мұрат Вахитовичті зейнетке шығуымен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттап, ескерткіш сыйлық табыс етті. Семей локомотив депосының бастығы Дәулет Тайтөлеуұлы жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының тығыз байланысы жайлы сөз қозғап, кәсіпорындағы еңбек тәртібін қатаң бақылауда ұстап, жұмыс сапасын арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін бастауыш кәсіподақ ұйымына, оның жетекшісі Мұрат Исаковтың атына ризашылығын білдіріп, бүгінгі күнге дейін еткен еңбегінің жемісін көруге тілектес екендігін жеткізді. Күн тәртібінде сонымен қатар ұйымдық мәселе де қаралды. Асхат Жармұхамбетов бастауыш кәсіподақ ұйымында бұрынғыдай босатылған төраға болмайтынын, ендігі жерде  цехком басқаратынын жеткізді. Яғни, өзінің негізгі лауазымдық жұмысымен қатар кәсіподақ жұмысын қоса атқаратын адам сайлау керектігін айтып, қатысушыларды ұсыныстарын білдіруге шақырды. Депоның машинисі Р.Трайспаев жаңа төрағалыққа лайық деп кәсіпорында ұзақ жылғы тәжірибесі бар, ұйымдастырушылық қабілеті  жоғары Ержан Сабитовтың кандидатурасын ұсынды. Әріптестерінің ұсынысын  машинистер А.В.Кремнев, Р.Х.Жакижанов, М.В.Исаковтар да қостады. Олар Ержан Сабитов 2002 жылдан бері депоның бастауыш кәсіподақ ұйымымен біте қайнаса жұмыс істеп келе жатқанына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқарғанына тоқталды. Ұйым төралқасы жаңа төрағалыққа Е.Сабитовты ұсыну туралы шешім қабылдап, ашық дауысқа салғанда  делегаттар Локомотив пайдалану депосының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп Ержан Сабитовты бірауыздан сайлады.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті