Көліктік-логистикалық мүмкіндік талқыланды

Жаңалықтар
12.05.2017, 19:17
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Түркіменстанда өткен Көлік және логистика жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Шараға көлік саласындағы халықаралық ұйымдар, қаржылық құрылымдар, корпорациялар мен компаниялар қатысты. Қазақстандық делегацияны бастап барған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президент Санжар Елубаев конференцияда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, 2050 стратегиялық дамуы, 100 нақты қадам жобасына байланысты Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жайына тоқталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіндегі инфрақұрылымды жасақтау, мультимодальдық логистика, жүк тасымалын дамыту туралы баяндады. 2016 жылы Қытай–Еуропа–Қытай контейнерлік тасымалы көлемі екі есеге артқан. Бұл бағдардағы контейнерлік тасымал жоспарлы 94,6 мың ЖФЭ болса, ол 105 мың ЖФЭ жеткізілген. Бүгінгі таңда Компания Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді. Оңтүстік–Шығыс Азия бағдарындағы қолданыстағы «Sea-Air» логистикалық тізбегін «Rail-Аir» көлік өнімімен Дубай арқылы Еуропаға шығарудың жаңа бағдары қарастырылуда. 2016 жылы Амстердам, Стамбул және Мәскеу бағдарына 9 пойыз ұйымдастырылған. ТККБ қатысушылар аталмыш бағдардағы жүк тасымалдауды дамыту жөнінде ұйымдастыру шараларын белсенді жүргізуде. Транскаспий бағдарын дамы-туға жаңа мүшелерді тарту Еуразия құрлығын-дағы контейнерлік және логистикалық қызмет аясын өсіре түседі. С.Елубаевтың хабарлауынша, Ляньюньган портындағы қазақстандық логистикалық терминал Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртудағы орталықтардың бірінен саналады. Бұл порт бас-тауын шығыстан алатын Еуразиялық құрлықтық дәліздің Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көпірі. – Ляньюньган портындағы логистикалық және сауда алаңы орталығын жасақтау –Қазақстанның Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропа бағдарына жүк тасымалдауын дамытуға зор мүмкіндік әпереді, – дейді вице-президент. Сондай-ақ, ҚТЖ өкілі «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА еуразиялық көлік жүйесіндегі маңызы туралы әңгімеледі. АЭА Қытай мен Еуроодақ, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ бен Еуропа арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін ірі өңірлік көліктік-логистикалық хаб болып табылады. Вице-президенттің айтуынша, жүк жіберушілер Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан осы елдерге халық-аралық жүк тасымалдауға ықпалдастық арқылы жүктің бағасы, жеткізу мерзімі және қауіпсіздігі жөнінен ұтады. Сонымен қатар Қазақстанның Каспий теңізіндегі инфра-құрылымы туралы да баяндады. Ондағы Ақтау және Құрық порттарының ішкі және сыртқы КЛО желілерін жасақтауы және болашақтағы даму мүмкіндігі жайын да сөз етті. С.Елубаев сондай-ақ, Түркіменстан, Иран темір-жол әкімшіліктері мен Қытайдың Ашхабадтағы көлік коммуникациялық қауымдастығы өкілдерімен кездесуге қатысты. Тараптар Қытай – Қазақстан – Түркіменстан – Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыздар ұйым-дастыру, транзиттік жүк көле-мін арттыру, жаңа бағдарларды игеру мәселесін талқыла-ды. Келісім соңында арнайы Хаттамаға қол қойылды. 

Ескендір АБЫТХАН

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті