Байқау қорытындысы нені байқатты?

Жаңалықтар
12.05.2017, 19:23
Оқуға 4 мин
Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен көктемгі комиссиялық байқау қорытындысында көптеген кемшіліктің беті ашылып, жауапсыздыққа жол берген жандар жазадан тыс қалмаған болатын. Міне, араға бір апта салып жергілікті теміржолшылар Астанадан келген арнайы комиссия алдында есеп берді. «ҚТЖ- Жүк тасымалы»АҚ-ның Атырау жүк тасымалы филиалында болған алқалы жиынға «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Операциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Қайрат Сәуірбаев, «ҚТЖ»ҰК»АҚ – «Магистральды желі дирекциясы» филиалының бас инженері Қайырбай Орынбаевтар қатысты. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев көктемгі байқауға қысқаша шолу жасап өтіп, сөз кезегін Атырау магистральды желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров пен Атырау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұловтарға берді. Олар көктемгі байқау жол шаруашылығы, белгі беру-байланыс, энергиямен жабдықтау салалары бойынша 752 кемшілік анықталғанын баяндап, қауіпсіздікке қатысты кемшіліктерді саралады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша көктемгі байқаудың тұтас қортындысына қанық болған астаналық комиссия мүшелерін анықталған кемшіліктердің дер кезінде түзетілуі алаңдататынын жасырмады. Магистральды желі дирекциясы филиалының бас инженері Қайырбай Орынбаев сөз алып «ҚТЖ»ҰК» АҚ тарапынан Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне соңғы бес жылда құйылған инвестиция көлемі мен көктемгі байқауда орын алған кемшіліктер туралы айтты. – Біздің комиссия үш бағытты қамтыған құрылым бойынша 47 ескерту жасады. Ескертудің дені станцияларда,соның ішінде Атырау–Ганюшкино станцияларындағы санитар-лық тазалықтың сақталмауы, темір қалдықтардың теміржол аумағының көркін кетіріп, вагондардан шығатын қоқыс-тардың жолаушылардың назарына ілігіп, қоғамдық пікір тудыруы, Сағыз подстанциясына қаражат бөлу, Атырау мен Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшелерінің түйісетін учаскелеріне қатысты күрделі мәселелер бар, – деген Қайырбай Ермекұлы шешімін күтіп тұрған тағы біраз мәселені айтты. Ал, комиссия құрамында болып, біраз кемшілік пен тәртіпке куә болған «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ-ның Операция-лық қызмет жөніндегі вице-президенті Қайрат Сәуірбаевтің айтуынша, жүк тасымалы бойынша тексеру кезінде комиссия құрамы екі-үш тәулікте 25 кемшілікті анықтаған. Айталық, станциялар бойынша кемшіліктер бар. Техникалық бөлімшелердің жұмысына сын айтылды. Вагон шаруашылығы бойынша кемшіліктерді атаған Қайрат Әбенұлы биыл вагон жөндеу жұмыстары бұрынғыдан да қатаң бақылауға алынатынын ескертті. «Ақ Жайық-7»ЖШС вагон жөндеуге сатып алынатын қажетті құрал-жабдықтардың сапасына сын айтылды. – Жөндеу жұмыстарына теміржол қауіпсіздігі тәуелді. Жөндеу сапалы болмаса кедергілер орын алады. Құрал-жабдықтарды қабылдап алушылар көзбояушылыққа жол берсе олардан қатаң сұралу болады, – деген Қайрат Сәуірбаев өткен 2016 жылдың қортындысымен салалық байқауда, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі аймақтар бойынша 3 орын, магистральды желі бөлімшесі 2 орын, Ірілендірілген жол дистанциясы 1 орын, электрмен жабдықтау дистанциясы  3 орын алғанын, жалпы көрсеткіште Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің жұмысы жақсы екенін айтты. Себебі, көктемгі байқаудың қорытындысында анықталған біраз кемшіліктер аз  уақытта жо-йылып, теміржолшылар өздерінің жұмыстарына жауапкершілікпен қарап  отырғаны байқалуда. Атырау жүк  тасымалы бөлімшесінің көктемгі байқауы мен проблемалық мәселелері сөз болған алқалы жиынды қортындылаған «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов: – Жалпы Атырау жүк тасымалы бөлімшесі инфрақұрылым бойынша жақсы жұмыстар атқарған. Біз үш бағытты толық қамтыған көктемгі байқаудың жоғары ұйым-шылдықпен өткеніне куә болдық.  Осы жиында сөз болған  проблемаларды шешу, соның ішінде жөндеу саласы бойынша сатып алынатын құрал-жабдықтарды қабылдап алуда келешекте ешқандай кемшілік болмауы керек.  Бізді анықталған кемшіліктердің аз уақытта жойылып, барлық жұмыстардың қысқа мерзімде реттеліп отырғаны қуантады. Биыл еліміз үшін әлемдік маңызы бар «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі болады. «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ компаниясына  елдік шараның ойдағыдай өтуі үшін үлкен  жауапкершілік  жүктеліп отыр. Атырау облысынан 65 мыңдай адам Астанаға бармақ. Олардың аман-есен барып-келуі  мұқият ұйымдастырылуы тиіс. Біздің «ҚТЖ»ҰК»АҚ Астанада «ЭКСПО-2017»көрмесі аясында екі үлкен әрі маңызды нысандарды пайдалануға береді. Бұл Ұлттық компаниямыз үшін мерейлі тарихи оқиға болмақ, – деген Арман Тұрлыханұлы  атыраулық теміржолшылардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Атырау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Бөріхан Беркімбаев сыннан қорытынды шығарылып, жұмыстың жүйелі, талапқа сай жүруі үшін жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті