БАҒДАР – АНЫҚ,  МАҚСАТ – АЙҚЫН

Жаңалықтар
16.05.2017, 10:11
Оқуға 3 мин
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде ҚТЖ басшылығының қатысуымен өткен алқалы жиынға бөлімше директорынан бастап барлық құрылым басшылары қатысты.   «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ерік Имашев бастаған астаналық топ құрамында  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ интеграциялық жоспарлау және ақпарат жөніндегі вице-президенті Владимир Петров, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстар басқармасының директоры Нұржан Жаппарқұл болды.  Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келген топ түбек теміржолшыларымен кездесіп, жуырда ғана өткен көктемгі байқау қорытындысы,  алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, оны абыройлы өткізу, бұл тұрғыда теміржолшылар тарапынан көрсетілетін қызметтер, т.т. мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Наурыздың 29 мен 18 сәуір аралығында өткен  көктемгі байқау кезінде бөлімшеге қарасты бүкіл бас жолдар мен станциялық жолдар, жүк қабылдап-жөнелту, сұрыптау жолдары, қызметтік-техникалық ғимараттар түгел тексеріліп, кем-кетіктер анықталып, оларды жою жөнінде жедел шаралар алынғаны жөнінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев басшылыққа жан-жақты баян етті.   Компания вице-президенті Ерік Имашев бөлімше теміржолшыларының қажырлы еңбегін жоғары бағалап, қашан да сенім үлесінен шығып отырған маңғыстаулықтарға басшылық атынан алғыс айтты. Сонымен қатар, вице-президент маңғыстаулық теміржолшыларды Компанияның негізгі қызметінің бағыты мен дамуы, қолжеткен жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысын  уақытында атқару жайлары пысықталды. Оның ішінде Маңғышлақ станциясының вокзал кешенін Астанада өткізілетін көрмеге келуін ұйымдастыру, БАҚ арқылы ЭКСПО-2017 туралы ақпараттарды, стенділер, баннерлер  жасау жайының орындалу шаралары талқыланды. Вице-президент бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге компания басшылығы белсенді дайындық жүргізіп жатқанын, көрме кезінде республикамызда қосымша пойыздар жолға шығатынын айта келіп, «Халықаралық  көрме қарсаңында қызмет етуге 200 адам арнайы курстан өтті. Қазір вокзал қызметкерлері де арнайы курстарда оқытылып жатқанын атап өтті. Кез-келген елге, қала, ауданға болсын, сапар вокзал мен әуежайдан басталып-аяқталатыны белгілі. Келетін-кететін жолаушыны қарсы алатын да, шығарып салатын да солар. Халықаралық көрме қарсаңында Маңғыстау вокзалының  ішіндегі артық сауда нүктелерінің бәрі жойылып, бүгінгі таңда косметикалық жөндеуден өтіп жатыр. Жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді дамыту жайлы Нұрдәулет Қилыбай баяндап берсе, Нұржан Жаппарқұл   әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүгедектерге грант бөлу, балаларды демалыс орындарына жіберу, мораторий мәселесіне  тоқталды. Кеңес отырысы барысында вице-президент бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде басты және қабылдап-жөнелту, сұрыптау жолдарын күтіп ұстау жайлары қаралды.  Маңғыстау жол бөлімшесі құрылымдық салаларының басшыларына магистральдық желі жұмысын сапалы жүргізу, пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бизнесті трансформациялауды жалғастыру  тапсырылды. Жалпы, көктемгі байқауға қанағаттанарлық баға берілді.  Кездесуден кейін жаңа құрылыс нысандарын аралап,  «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінің ғимаратын, Маңғыстау электрмен жабдықтау, байланыс және белгі беру дистанцияларын, олардағы заманауи жабдықтау мен оқу полигоны, техникалық сыныптармен танысып шыққан қонақтар түстен кейін Бейнеуге аттанып кетті. Онда да жергілікті теміржолшылармен кездесіп, алдағы маңызды науқанға дайындықтары пысықталу жоспарланған. 

                                                                                                   Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті