ЭКСПО билетінің үш түрі ұсынылуда

Жаңалықтар
17.05.2017, 16:42
Оқуға 3 мин
Астанада өтетін «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне атыраулық тұрғындар баруы үшін атыраулықтарға барлық жағдай теміржол арқылы жүйелі жоспарланып, жүзеге асуда. Елбасы «еліміздің доноры» атаған мұнайлы өңірде де  халықаралық көрмеге дайындық қызу жүруде. Қала көшелерінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі логотипінің макеттері мен логотиптері ілінген. Жуырда ғана көрме логотипі бейнеленген алаңдарда  қаладағы жоғары сынып оқушыларының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды. Жайық өңірінің халқын Астанаға тасымалдауға Атырау қаласынан жүретін 11 вагон тіркелген «Каспий» №47/48-ші фирмалық пойызы, №19/20 «Тұлпар-Тальго» пойыздары өздерінің жүру кестесімен Астана мен Атырау қаласына қатынайды. Көрмеге қатысуға облыстан 65 мың  адам барады деп болжануда және 150 даярланған еріктілерді жіберу жоспарланған. Бүгіндері Атыраудағы салалық басқармаларды айтпағанда, компаниялар ұжымдық ұйымшылдықпен «ЭКСПО» билетін сатып алуда. Мәселен, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-нан 1 мыңнан аса адам Астанада өтетін көрмеге баратындықтарын айтып хат жолдаған көрінеді. Көрмеге билеттер «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, «Baizaar» сауда, ойын-сауық кешенінде және «Меломен» дүңгіршіктерінде сатылуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша  8 мыңнан астам  билет сатылған.   «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Батыс филиалы Атырау телімінің басшысы Ақылбек Бұрханнадинұлының  айтуынша, тепловоздың сырты мен  вагон іші  «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі логотипімен безендірілген. Бүгінде «ЭКСПО» билеттері теміржол билеттерімен бірге жеңілдікпен сатылуда. Қазіргі күні жүзден аса бронь жасалған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Атырау мен Астана қалалары бағытында «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыс халқы еш қиындықсыз баруы үшін арнайы пойыз шығады деген сөз бар.    Атырау облыстық  кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, кешенді қызмет темір жол арқылы жүзеге асырылады. Жолаушы теміржол кассаларынан бағасы 2000 теңгеден жоғары тұратын (қосымша ақыға) «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билеті және ЭКСПО билетін құрайтын кешенді қызмет түрін сатып ала алады. Халыққа «ЭКСПО» билеттерінің 3 түрі ұсынылады. Таратып айтсақ, тұрақты уақыттағы жұмыс күніне арналған «ЭКСПО» билеті – яғни, жолаушының көрмеге қатысуы үшін жұмыс күндер ішінен нақты уақытты таңдау қажет болады. Екіншіден, тұрақты демалыс күніне арналған «ЭКСПО» билеті – яғни, жолаушыға демалыс күнгі нақты уақытты таңдау қажет болады. Үшіншіден, кез-келген демалыс күнінің ашық уақытындағы билет – мұндай ЭКСПО билетімен жолаушы кез келген демалыс күні көрмеге қатыса алады. Кешенді қызмет түрін алған кезде жолаушы 1600-ден 4000 теңгеге (ЭКСПО билетінің түріне байланысты) дейінгі көлемде қаржысын үнемдей алады. Он адамнан артық жолаушылар тобы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на өтініш жолдау арқылы қызметті рәсімдеуге болады. Біз Атырау вокзалында жол жүру құжатымен бірге көрмеге билет алып жатқан Мира Бердешованы жолықтырдық. –Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару үшін анама, құрбыма, барлығы жеті адамға билет алдым. Астанада 10 күндей боламыз. Еліміз үшін тарихи оқиғаға айналар шараны өз көзімізбен көріп, ару қаланы тамашалап қайтуға асықпыз. Теміржол кассасының билетке қосып, көрмесіне айтарлықтай жеңілдікпен билет сатуды жолға қойғаны бізді қуантып отыр, – деп пікірін білдірді ол. «Сөз жоқ,  «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі – бұл Қазақстан үшін жаңа энергетикаға, «жасыл» технологияға ие болудың таптырмас мүмкіндігі. Осы арқылы Астана  жер жаһанға соңғы жетістіктерді паш етіп қана қоймай, осында дүниеге келетін жаңа дүниелердің орталығына айналмақ. Халықаралық көрменің  ойдағыдай өтуіне  бүгінгі  таңда ел жүрегі Астанадан бастап барлық аймақ белсене жұмыс атқаруда. Бұл жауапкершілікті жұмысқа ел экономикасының күретамыры теміржол саласы да өз үлесін қосуда.

Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау

   
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті