Кемшілік те, жетістік те бар  

Жаңалықтар
17.05.2017, 16:56
Оқуға 2 мин
Ағымдағы жылы 3  мен 14 сәуір  аралығында Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жазғы мезгілдегі жылжымалы құрамдар қозғалысы мен тасымал мауымына әзірлікті пысықтайтын көктемгі байқау өтті. Ақтоғай-Аягөз телімінен басталып, Жаңасемей-Дегелең телімімен аяқталған осынау сынақ барысында бөлімше теміржолшыларының қызмет қарқынын айғақтайтын бірқатар тың мәліметтер мағлұм болды. Ол жайында жуырда өткен селекторлық кеңес барысында бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев кеңінен тоқталып айтып өтті. Мәлім болғандай, кешенді тексеру шаралары барысында бірқатар кемшіліктермен қатар жетістіктер де анықталған. Әйтседе, байқау барысында ақаулықтар мен жұмыс барысындағы олқы жайттарға бірінші кезекте баса назар аударылыпты. Бұл ретте қызметтік-техникалық нысандарды талапқа сай ету, жұмыс орындарын лайықты әзірлеу, өрт қауіпсіздігін сақтау және мамандар біліктілігін кәсіби тұрғыдан шыңдау қажеттігі анықталды. Сондай-ақ, қолдағы техникалар күтімі мен теміржолшыларды арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуде де іс қарқынын ширату керектігі мәлім болған. Негізі, семейлік теміржолшылардың көктемгі байқауға жоғары деңгейде даярлық жасағандары белгілі болған. Ғимараттар мен шаруашылық нысандары маңында сенбіліктер өтіп, абаттандыру ісі  жүргізілген. Бөлімше басшысы айтып өткендей, осынау сынақ барысында бірқатар сын-ескертпелер де орын алыпты. Оның ішінде, магистральдық желі бойынша 1092 ескерту бар. Қуантарлығы сол - бұл көрсеткіш өткен 2016 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 87-ге азайған. Сол тәрізді жол шаруашылығында 726 ескерту жасалынып, былтырғы жылмен салыстырғанда 23 ескертуге азайған. Сыннан қорытынды шығару бойынша белгі беру және байланыс саласы ерлеп тұр. Себебі, аталмыш қызметтік сала бойынша биылғы ескертулер 88-ге азайған. Осыған қарап, Семейдегі және Аягөздегі ШЧ басшылары мен мамандары өткен жылғы байқау нәтижесін есепке ала отырып, қарқынды жұмыс жүргізгенін аңғаруға болады. Сонымен қатар, бөлімше мекемелері арасында еңбекті қорғау саласы бойынша да ескертулер қатары өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмендепті.  Дегенмен, электрмен қамту шаруашылығы, қозғалыс және техникалық құжаттандыру салаларына сын айтылған. Сонымен қатар, екі аптаға созылған көктемгі байқау барысында 40 тыйым салу шарасы қабылданған. Оның барлығы да өңірдегі жол шаруашылығына тиесілі. Бірқатар телімдерде жылжымалы құрамдар жылдамдығы шектелетін болады. Байқау қорытындысы бойынша  бірнеше станция басшылары мен желі бойындағы жекелеген мекемелер жетекшілеріне ескертулер жасалынды. Ендігі аралықта олар анықталған кемшіліктерді аз мерзім ішінде толықтай жоюлары қажет.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті