Жігітке жеті өнер де аз..

Жаңалықтар
17.05.2017, 18:06
Оқуға 2 мин
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде Отан қорғаушылар күні құрметіне кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Ал қанеки, жігіттер!» деген атпен білек күші мен бойдағы өнер сынға түскен ерекше сайыс өтті. Байқау алды барлық командалар сап түзеп, мемлекеттік әнұранды шырқады. Осыдан соң бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов жиылғандарды қос мерекемен құттықтап, сайыста сәттілік тіледі. Ал салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алик Досанов, аталмыш сайысты өткізудегі мақсат – сала мамандарының күш-жігерін шыңдап, ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту екенін атап өтті. Байқауға әр мекемеден іріктелген 11 команда қатысты. Алғашқы кезекте құрыш білекті жігіттер кір тасын көтеруден бақ сынасты. Бұл сында күнделікті жаттығу үстінде жүрген, нағыз бұла күш иелері «ӘТЖК» АҚ Семей филиалының жігіттері топ жарды. Ал екінші орынды жол дистанциясы - ПЧ-39 жігіттері иеленсе, үшінші орынды Жаңасемей станциясының жігіттеріне бұйырды. Келесі сайыстарда ойын барысы басқаша өрбіді. Ұзындыққа секіріп жарысуда Семейтранстелеком қызметкерлері бас жүлдені еншілесе, Семей магистральдық желі бөлімшесінің жігіттері екінші орынға тұрақтады. Қазақтың асық ату ойынында рельс бойында темір қазықты балғамен дәл көздеп соғып үйренген  жолшылар - ПЧ-39 мергендерінің  жетістігіне ешкім жете алмады. Ал, жатып тұрып күш сынасуда тағы да транстелекомдықтардың бағы жанды. Алайда, келесі кезектегі жамбы ату сайысында оларды бұл орыннан тағы да мергендігімен танылған ПЧ-39 жігіттері ысырды. Жігіттер байқауы ән сайысымен тәмамдалды. Аталмыш сынға дайындықсыз келіп, қалыс қалғандар да табылды. Сондай-ақ, патриоттық тақырыпта хормен ән айтып көрерменді сүйсінткендер де болды. Мұнда әсери күзет пен ШЧ-29 теміржолшылары ерледі. Әйтседе, осы сайыста бас жүлдені иеленуге жанды дауыста, жалынды үнмен ән шырқаған ПЧ-39 жігіттері лайық деп танылды. Кәсіби мамандар әділқазылық еткен сайыста мәртебелі бірінші орынды Семей жол дистанциясының жігіттері айқын басымдықпен қанжығаларына байласа, екінші орынды Жаңасемей станциясы, ал жүлделі үшінші орынды Семейтранстелеком  жеңіп алды.

Қуаныш Қожаев, Семей

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті