Теміржолшылар кеңесіне – ширек ғасыр
18-19 мамырда Мәскеуде өткен Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі Кеңесінің 66-шы отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация қатысуда.
Мерейтойлық отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері, сонымен қатар Кеңестің қауымдастығына мүше елдер Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия теміржол әкімшіліктерінің басшылары қатысты. Сонымен қатар бақылаушылар ретінде Иран теміржол әкімшілігі мен Теміржол және көлік құрылысшылары кәсіподақтары Халықаралық Конфедерациясының өкілдері қатысты.
Кеңестің 25 жылдығына арналған отырыста Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі қызметінің жұмыс қорытындысы шығарылды. 2016 жылғы және 2017 жылғы бірінші тоқсандағы халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдаудағы теміржолды пайдалану қорытындысы бойынша Кеңестің 65-ші отырысы шешімдерінің орындалу нәтижесі қаралды.
Отырыс барысында пойыз қозғалысының нормативтік кестесі, өткен жылғы жүргізіліген контейнерлер санағының қорытындысы, биылғы жылы жүк вагондары санағын жүргізуге дайындық барысы, теміржол көлігі әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу жайлары секілді ондаған мәселе қаралды. Жалпы алғанда, отырысқа қатысушы елдер арасындағы теміржол көлігінің тұрақты қозғалысын ұйымдастыру, жолаушылар мен жүк пойыздарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету қарастырылып, келісілді.
Өткен жылы ТМД елдері темір жолдарында өндірістік көрсеткіштер жақсарғаны белгілі болып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда жүк тиеу жоспары 100,9% орындалып, биылғы жылғы алғашқы тоқсанда 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,8% артқан. Өткен жылы 1946,9 млн тонна жүк тасымалданса, биылғы бірінші тоқсанда 480, 4 млн тонна жүк жөнелтілген.
Теміржол әкімшіліктері арасында өткен жылы мен биылғы бірінші тоқсанның міндеттемесін асыра орындаушылар қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ да бар. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жолаушылар тасымалдау көлемі 3,5 пайызға өскен. Тек қаңтар-наурызда Компания 4,5 мың жолаушы тасымалдаған.
Кеңес барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев халықаралық серіктестікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, Компанияның бірқатар қызметкерлері Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Кеңес жұмысы жайлы толық ақпарат газеттің келесі санында жарияланады.
Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі Кеңесінің тарихына тоқталсақ: 1992 жылы Достастыққа қатысушы елдердің басшылары посткеңестік кеңістікте теміржол көлігі саласын дамыту мен қызметін үйлестіріп отыратын мемлекетаралық стратегиялық маңызды шешімдерді шығарып отыратын ұйым құрды. Теміржол көлігі жөніндегі Кеңес ТМД елдері серіктестігін дамытуға тиімді ықпал еткен маңызды шешімдер қабылдаған алғашқы мекемелердің бірінен саналады. Осы жылдары Кеңес экономикалық ынтымақтастықтағы үкіметаралық орган ретінде қалыптастырды. Кеңес отырысындағы іскерлік қадамдар «1520 кеңістігіндегі» теміржолдардың тұрақты және тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етті.
Әсел ТӨЛЕГЕНОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті