Көлік саласын дамытудағы өлшеудің рөлі  

Жаңалықтар
19.05.2017, 10:26
Оқуға 3 мин
Қоғамдағы кең ауқымды экономика салаларын дамытуда метрологияның маңызы зор. Әлемдік деңгейдегі атаулы күнге орай «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан метрология институты» РМК халықаралық сарапшыларды тарта отырып «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырды.        Қатысушылар метрологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты, сонымен қатар шара барысында саланың жетекші метрологтары кәсіби жетістіктері үшін ынталандырылды. Жыл сайын метрология жөніндегі халықаралық ұйымдар Дүниежүзілік метрология күнін атап өтудің тақырыбы мен ұранын жариялайды. Биыл сол басты назар – көлік саласын дамытудағы өлшеулердің роліне бағытталды. Жиынға қатысқан халықаралық заңнамалық метрология бюросының, халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдары өкілдерінің айтуынша, көлікке арналған ең қажетті өлшеулердің қатарына теңіз жүк көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүк контейнерлерінің жылдам өлшеулері кірген. Сонымен қатар олар қазіргі таңда қоршаған ортаны ластау деңгейін бақылауды іске асыру кезінде қолданылатын пайдаланылған газдардың химиялық құрамын сенімді өлшеудің   маңыздылығына тоқталды.         Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев ұлттық компаниядағы метрологиялық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.   –ҚР-ның «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес біздің компанияда да метрологиялық қызмет құрылған. Оның құрылымында бірнеше басқару деңгейі бар, атап айтқанда, корпоративтік, желілік, аймақтық және тораптық деп бөлінеді. Компанияда өлшеу бірлігімен қамтамасыз ету саласына негіз болатын талаптар орнатудың бірқатар стандарттары жасалды. Бізде қолданылатын өлшеу құралдарының көбісі өзіміздің жеке сынау зертханаларымыздан жіті тексеруден өткізіледі. Бұл дегеніңіз – уақыт пен жиілік және электрлік, геометриялық, радиотехникалық мөлшерді өлшеу құралдары, – дейді бас инженер. Сынау зертханалары компанияның барлық филиалдарында бар және ҚР аккредиттеу ұлттық жүйесінде тіркелген. Бүгінде компанияда «Метрология» автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын визуалды көрсетуге мүмкіндік беретін жалпы ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді. Ол өлшеу құралдарының статусы мен техникалық жағдайына ұдайы мониторинг жүргізуге, компанияда қолданылатын өлшеу құралдарының реестрін жасауға, метрологиялық қамтамасыз ету саласында шығындар мен жұмыстарды жоспарлауға жағдай жасайды.   Бас инженердің компанияның жол шаруашылығы, жол жағдайын бағалау, диагностикасы мен мониторингі «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы қамтамасыз етілетіндігін атап айтты. Оған қазіргі заманғы жаңғыртылған өлшеу құралдары мен кешендері кіреді. Соның арқасында рельстерді үздіксіз бақылау мен рельс табандары геометриясын өлшеу, жер төсемдері мен балласт призмасы жағдайына диагностика және мониторинг жүргізу мүмкін болды. «Магистраль» АБЖ басқару жеделділігі мен сапасын, бизнес үдерістердің оңтайлылығын, жолды күтіп ұстауда шығынның азаюын қамтамасыз етеді. Бұл тиімділікке жол жағдайының кең ауқымды көрсеткішіне жедел қол жеткізудің, жол жөндеу бойынша оның нақты жағдайында жұмыстарды жоспарлап, жол жағдайына талдау жүргізудің, нақты қажеттіліктер негізінде материалдық және еңбек ресурстарының керекті көлемін болжай алудың арқасында қол жетеді. Қорытындылай келе ұлттық компания өкілі теміржол көлігінде өлшеудің дәлдігі тікелей пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне және тасымал үдерісінің тиімділігіне әсер ететінін айтты. Сол себепті де өлшеу бойынша жасалып жатқан жұмыстың барлығының да теміржол үшін маңызы зор.  Семинар соңында «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» қазақстандық байқауының нәтижелері белгілі болып, соның шеңберінде марапатталған жүлдегерлер қатарында теміржолшылар да болды. Атап айтқанда, ұлттық компанияның ғылыми-зерттеу орталығының метрологиялық қамтамасыз ету секторының бастығы А. Тасыбаева, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының тексеруші-метрологы А. Сорокин, Арыс вагон пайдалану депосының зертхана-тексерушісі И. Алтаев, Ақтөбе электрмен эабдықтау дистанциясының зертхана-тексерушісі Р. Төлеп, Астана жол диагностикасы құралдарының аймақтық зертханасының бастығы Д. Жұматаев марапатқа ие болды.

Райхан РАХМЕТОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті