Күн тәртібінде – еңбек қатынастары мәселесі

Жаңалықтар
19.05.2017, 11:26
Оқуға 3 мин
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде  еңбек қатынастары мәселесі талқыға түскен келелі кеңес өткізілді. «ҚТЖ – ЖТ» АҚ-ның адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Қамария Әбішеваның төрағалығымен өткен бас қосуда  еңбек қатынастары және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлер құқықтарын қорғау сөз болды.  «ҚТЖ-ЖТ» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы заң департаментінің 1-ші деңгейлі бас менеджері Руслан Смайлов, компанияның өндірістегі қауіпсіздік және экология департаментінің 3-ші деңгейлі бас менеджері Николай Астапенко, экономика департаментінің 2-ші деңгейлі менеджері Жарқынай Абильдина сынды бірқатар лауазым иелері қатысқан жиын мазмұнды өрбіді. Басқосуға сондай-ақ, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежановтар және өңірдегі салалық кәсіподақ төрағасы Алик Досанов қатысты. Компанияның жұмыс тобы жергілікті теміржолшылармен кездесу барысында еңбекті қорғау, әлеуметтік тұрғыдан қамтамсыз ету, еңбектегі жетістіктерге орай сыйақы тағайындау сынды бірқатар мәселелер жайында кеңінен сөз толғап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұнымен қатар, бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясынан туындайтын сауалдар мен ҚР Еңбек кодексіне енгізілген кейбір өзгертулер жайында да айтып өтті. –Бүгінде шығындарды оңтайландыру бойынша компания біршама нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта кешенді шаралар көп. Мәселен, кейбір тұстарда қаражат үнемдеу арқылы кебір еңбеккерлерді жұмыстан қысқартудан сақтап қаламыз. Ол кейде сыйақылардың есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін, – деп атап өткен Қамария Тұрғанбекқызы тоқсандық сыйақы, еңбек төлемі қоры мен үнем мәселесіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жиын төрайымы жекелеген еңбеккерлердің ұсыныс-өтініштеріне, ұжымдық талап-тілектерге де ден қойып, кеңінен жауап қайырды.  Қатысушылар тарапынан айтылған мәселелер қатарында арнайы қызметтік киімдер сатып алу, жұмысшыларға жасалған қолайлылық пен залалдылықты анықтау мақсатында жұмыс орындарын жыл ішінде аттестациядан өткізу, сұрыптау дөңесі кезекшілері мен маневрлік диспетчерлер және 1 класты станциялар кезекшілеріне қойылар талаптарды қайта қарастыру, қызметкерлерді жұмысқа алу барысында сынақтан өткізу, біліктілігін тексеруге қатысты ортақ ереже әзірлеу туралы сауалдар болды.   Бұдан өзге алқалы жиын барысында өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Бұл тарапта жергілікті мекеме басшылары мен бөлімдердің жетекші инженерлері де сөз алып, пікір білдірді. Локомтив депосының директоры Дәулет Ыдырысов шығыстық теміржолшылардың экологиялық ахуалға байланысты пайдаланар жеңілдіктер көлемін арттыру керектігіне тоқталса, Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишев қызметкерлерге көрсетілер медициналық көмек тиімділігін жоғарылату, міндетті дәрігерлік тексеруден өту жайы бойынша сөз қозғап, теміржолшылар үшін бұрынғы кездегідей әрбір мекемеден медпункт ашып, өндірістік дәрігерлер тағайындау қажеттігі туралы өзекті сауал көтерді. Бұл пікірлерге жауап қайырған Қамария Әбішева қызметкерлерге шипажайларға жолдама беру мәселесі күн тақырыбынан түспейтінін айта келе, бұл тараптағы кейбір мәселелер тендерлік жұмыстарға тәуелді екенін айта келе, аталмыш бағыттағы жұмыстар әлі де ширатыла түсетінін жеткізді. Сондай-ақ, жалпы денсаулықты сақтау мен нығайту, бұл тараптағы әлеуметтік жеңілдіктер тиімділіктерін еселеу жайындағы өтініш-тілектерді компания басшылығына жеткізуге уәде етті.

Қуаныш Қожаев, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті