Сексеуілдіктер жүктемесі артқан

Жаңалықтар
19.05.2017, 11:29
Оқуға 2 мин
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің солтүстік нүктесіндегі Сексеуіл станциясының ұжымы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермей, өздерінің функционалды міндеттерін мінсіз атқарып келеді. Станцияға келген жүк вагондарын ретке келтіріп, құжаттарын рәсімдеп, жөнелтіп отыру кезінде ширақ қимыл мен жедел әрекет маңызды рөл атқаратынын ескерсек, мұнда еңбек ететіндердің басым бөлігін ондаған жыл тәжірибесі бар теміржолшылар құрайды. Сексеуілге жаңа салынған  Қоскөл – Сексеуіл телімінің берілуімен станциядағы жұмыстар легі бірнеше есеге артып, станциялықтардың жүтемесі көбейе түскен. Станция бастығы Сапарғали Салмаевтың ұсынған мәліметтері бекітілген жоспар көрсеткіштерінің межеден асыра орындалғанын айғақтайды. –Сексеуіл 2 класты учаскелік станция болғанымен қазіргі таңда біздер жылжымалы құрамдарды реттеп жөнелту жұмыстарының көптігінен талдау станциясының жұмысын атқарып келеміз. Жауапкершілік артты, еңбеккерлер біріне-бірі демеу болып, өз міндеттерін бірлесіп атқаруда. Станцияға келіп-кеткен жүк вагондарының жетер нүктесіне уақтылы жөнелтілуі мен қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыла жұмыс жасаудамыз, – дейді станциясының бастығы. Жүзге жуық адам еңбек ететін станция ұжымы өздерінің функционалды міндеттерін мінсіз атқарумен қатар көктемгі комиссиялық тексеруді ұйымшылдықпен атқарып, көктем туғалы маусымдық жұмыстар, қоршаған ортаның ластанбауы мен тазалықты бір қалыпты ұстау үшін үнемі қоғамдық сенбіліктер ұйымдастырып келеді. Станция бастығы ұжымның мақтанышы деуге лайық тәжірибелі теміржолшылар қатарында  станция кезекшісі Үбайділда Бәйменовті, маневр диспетчері Октябр Аманқұловты, пойыз құрастырушылар арасында Асылбек Есмамбетов пен парк кезекшісі Рысқұл Қуатовты, техкеңсе операторлары Гүлсім Жапақова мен Сәуле Жүсіпованы, жүк қабылдап-тапсырушы Сарбиназ Иманәлиева мен жүк пойызын қабылдаушы Мұрат Бәйменовтерді атап өтті.    

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Сексеуіл

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті