ЭКСПО аясындағы кешенді қызмет
Астана төрінде өтетін әлем көз тіккен халықаралық көрмеге санаулы күндер қалды. Айтулы шараға тұрғындар үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалы қандай қызметтер ұсынып отыр? Қызмет түрінің тиімділігі қандай? Осы тағы басқа сауалдар төңірегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалының билет кассалар меңгерушісі Бағдат Тлеуленовамен сұхбаттасқан едік.
– Бағдат Алтынбекқызы, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында филиал нендей қызмет түрлерін көрсетеді? Олар қарапайым тұрғындарға тиімді ме?
– Әрине, көрме жақындаған сайын облыс, қала тұрғындары ғасырда бір болатын тарихи оқиғаны тамашалаумен қатар бас қалаға барып келудің арзан әрі тиімді жолын іздейтіні сөзсіз. Оның үстіне жаз мезгілінде билеттің тапшы болатынын көпшілік айтпаса да біледі. Осы орайда тұрғындарға ұсынылатын қызмет түрін таратып айтар болсақ, біз 60 күн ерте жұмыс жасаймыз. Бұл дегеніміз билеттерді онлайн немесе касса арқылы алдын ала брондау және сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Жаз мезгілінде халықтың пойыз арқылы көп қатынауынан билет тапшылығы орын алады. Ал көрме қарсаңында мұндай қиындықтар мен кедергілердің алдын алу үшін кез-келген адам үшін билетті ертерек алған тиімді. Оның үстіне, билетті неғұрлым ерте алса, солғұрлым арзан болатыны айтпаса да түсінікті. ЭКСПО аясында біздің филиал екі бірдей жаңа қызмет түрін ұсынып отыр. Алғашқысы, «Кешенді қызмет». Оған темір жол билетімен қатар көрме билеті кіреді. Тұрғындар қалауы бойынша билеттің 3 түрін таңдай алады. Біріншісі, жұмыс күндері тіркелген дата бойынша көрменің билет құны 2399 теңге, екіншісі, бекітілген датамен арнайы бару құны 3485 теңге және үшіншісі, демалыс күндері көрмені тамашалау үшін 4568 теңге төлейсіз. Ал екінші қызмет түрі «Дисконтты карта Астана ЭКСПО» деп аталады. Дисконтты карта құны 9 999 теңге. Ол арқылы жолаушыға «Тұлпар-Тольго» коммерциялық пойызына 15 пайыздық жеңілдік ұсынылады. Жеңілдік ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін барлық бағыттарға жарамды. Сондай-ақ дисконтты картаға 1 көрменің билеті тегін беріледі. Көрмеге қалаған күні баруға мүмкіндік бар. Бұл қызметтердің тиімділігі сол, тұрғындардың қалтасын қақпайды. Мәселен, басқа жерлерде ЭКСПО-ның билеттерін 4000-8000 аралығында саудаланып жатыр. Ол тек көрме билеті. Бізде тек ЭКСПО-ның билеттері жекеленіп сатылмайды. Біздің филиалдағы мамандар барып-келу жол ақысын есептеп береді. Ал көрмеге барған тұрғындар сол жақтан міндетті түрде тіркелуі керек. Тіркелмеген жағдайда билеттері жарамсыз болып саналады.
– Әлеуметтік санаттағы тұрғындарға қандай жеңілдіктер бар?
– Мұндай қызмет түрі тек көрме аясында ғана көрсетілмейді. Біздің филиал 2 жылдам астам уақыт жеңілдіктермен жұмыс жасап келеді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған «Ардақты ана» дисконтты картасы бар. Мұнда 30 пайыздық жеңілдік көрсетілген. «Қамқор» картасы мүмкіндігі шектеулі, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек жандарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Карта құны – 200 теңге. Ал Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 99 пайыз жеңілдік, олар тек төсек жабдығына ғана төлейді. Сондай-ақ «Ардагер+» деген картада 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бұл қатарға ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, Чернобыль, Семей полигоны, Ауған соғысы, т.т. ардагерлер кіреді. Жеңілдік картасы кезексіз, жылдам әрі тегін жасалынады. Ал 16 мен 25 жас аралығындағы жастарға 30 пайыздық жеңілдікпен «Жастар» картасы ұсынылса, 60 жасқа толған азаматтарға «Құрмет» жеңілдік картасы қарастырылған. Картаның құны – 999 теңге. Алынған күннен бастап 1 жылға жарамды.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Ерман Әбдиев, Тараз
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті