Теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс тобы құрылды

Жаңалықтар
12.12.2023, 13:42

Көлік министрлігінде теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының көздеген негізгі мақсаты – заңнамалық реттеу және теміржол қызметтері нарығындағы субъектілердің өзара іс-қимыл технологиясын жетілдіру,  деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осылайша теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында биыл Көлік министрлігінің теміржол инфрақұрылымы мен жүк тасымалдау процесін реттейтін 9 бұйрығына түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ Үкімет Аппаратының отандық кәсіпкерлер кеңесінің мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында халықаралық (транзитті қоспағанда) және республика ішіндегі қатынастарда ел аумағында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшарт қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл түзетулер жобасы транзиттік тасымалдардың қайталанатын нормаларын жойып, елдегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін оларды ұлттық заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшартына енгізілген ұсыныстарды мақұлдады. Бұйрықтың тиісті жобасы мемлекеттік органға келісуге жіберілді.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады