Теміржолшылар табиғаттың қыңырлығына төтеп берді

Жаңалықтар
20.12.2023, 16:53

Ағымдағы жылдың 14-18 желтоқсан аралығында қуатты циклон елдің оңтүстік өңірін қамтыды. Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

ТЖ жағдайында Пойыздар қозғалысын үйлестіру үшін ҚТЖ-да барлық қатысы бар қызметтер мен Көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел штаб құрылды.

Шымкент — Тараз және Шу–Отар темір жол учаскелерінде ауа-райының нашарлауына байланысты (қалың қар, екпінді жел, нашар көріну, ауа температурасының күрт төмендеуі) пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді. Осыған байланысты 30 астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен артта қалды.

Теміржолшылар тәулік бойы көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Жолаушылар пойыздарын өткізуге басымдық берілді.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін Астана – Алматы – Астана, Атырау — Алматы, Ақтөбе — Алматы, Алматы – Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.

Қарлы циклон өңірде электр энергиямен жабдықтаудың үзілуіне себеп болды, соның салдарынан «Алматы 2 – Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады. Теміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды.

Жүру жолында вагондар жолсеріктері жолаушыларға орын алған жағдай туралы түсіндіріп, қажетті көмек көрсетті. Ұлттық тасымалдаушы 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы - вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы – Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Құрамдар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мейрамхана вагондары штаттық режимде жұмыс істеді.

Қиын ауа-райында теміржолшылар қар тазалайтын және қардан аршу техникаларын тарта отырып, жолдарды уақтылы тазалаумен айналысты. 11 мың текше метр қар шығарылды.

Вокзалдарда дауыс зорайтқыш байланыс арқылы жолаушылар мен күтушілерге хабарлау жүргізілді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздарға 5 мыңнан астам билет қайтарылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ және вокзал шаруашылығы өңірлік филиалдарының қызметкерлері құрамындағы мобильдік топтар вокзалдар мен перрондарда жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жолаушылардың вагондар бойынша отыруын қамтамасыз етті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ең жоғары жүктеме кезінде 1433колл-орталық жұмысын қосымша консультанттармен күшейтті. Барлық қажетті ақпарат bilet.railways.kz.сайтында,@railways.kz және @jolaushylar_tasymaly Instagram аккаунттарында. жедел орналастырылды.

Полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері ҚТЖ-мен бірлесіп ТЖ аймағында қалған азаматтарға көмек көрсетті, межелі жерге жетуге көмектесті және теміржол вокзалдарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды