Алтынкөл және Достық станцияларының қызметкерлері ҚТЖ басшылығымен кездесті

Жаңалықтар
22.12.2023, 10:05

Елордаға Алтынкөл және Достық шекаралық станциялар ұжымдарының өкілдері шақырылды, солардың арқасында Теміржол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген ҚХР-ға/-дан жүктерді беру және қабылдау жөніндегі жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды.

Олармен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылары, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов кездесті.

Кездесуге диспетчерлер, қабылдап-тапсырушылар, кассирлер, пойыз құрастырушылары және басқа да жоспардың орындалуының рекордтық көрсеткішіне мұрындық болған станцияның басқа да қызметкерлері келді.

Станция қызметкерлеріне 2023 жылғы жүк тасымалы саласындағы жұмыстың қорытындылары және мемлекетаралық түйіспе пункттерін дамыту перспективалары туралы ақпарат берілді. Қазақстан мен ҚХР теміржолшыларының үйлесімді жұмысы мен тиімді бірлескен қызметінің арқасында жылдық жоспар толық емес 11 айда орындалғаны атап өтілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Қазақстан арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 28 млн тоннадан асады деп күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 22% жоғары.

Экспорттық және транзиттік әлеуетті арттыру үшін ҚТЖ шекара маңы станцияларын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Достық – Мойынты екінші жолдарының құрылысы шеңберінде Достық станциясын жаңғырту көзделіп отыр, бұл оның өткізу қабілетін екі есеге арттырады. Алтынкөл станциясы арқылы транзиттік дәлізді дамыту екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Біріншісінде – Жетіген – Қазыбек - Бек теміржол желісі (Алматы станциясын айналып өту), екіншісінде – Алтынкөл – Жетіген учаскесінің екінші жолы салынады.

Осы жылдың желтоқсан айында транзиттік декларацияларды электронды форматта автоматты түрде тіркеу және автоматты түрде шығару бойынша пилоттық жоба басталды. Жобаны ҚТЖ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп жүзеге асыруда. Жобаның бірінші кезеңі шеңберінде Алтынкөл – Сарыағаш бағыты бойынша транзитпен өтетін жүктерді электрондық декларациялау сәтті іске асырылды.

Сондай-ақ, кездесуде әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді. Іс-шара станция қызметкерлеріне ҚТЖ басшылығының Құрмет грамоталарын табыстаумен аяқталды. Шақырылғандар кездесудің тиімділігін жоғары бағалап, әңгіме жаңа өндірістік жетістіктерге қосымша қуат бергенін атап өтті.

Марапатталғандар үшін ҚТЖ өндірістік нысандары мен орталық теміржол көлігі мұражайына бару, Астананың басты көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды