Тасымалда – МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ  

Жаңалықтар
23.05.2017, 11:45
Оқуға 2 мин
Еліміз үшін ең маңызды нысанның бірі саналатын Құрық порты арқылы бүгінде астық, мұнай, тыңайтқыш, өзге де өнімдер тасымалдануда. Оның ішінде  вакуумдық газойл  көптеп жөнелтілуде. Мәселен, мамыр айына Маңғыстаудан теңіз арқылы 1000 вагон осындай жүк  жөнелту жоспарланған. Соның 400 вагоны алғашқы онкүндікте  тасымалданса, қалғаны ай соңына дейін жөнелтілмек.  Ал, Әзірбайжан, Грузия, Украина елдерінен елімізге азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, көкөністер мен жеміс-жидектер, ет өнімдері, кондитерлік тағамдар келуде.     Құрық-порт станциясында жүк қабылдап-жөнелту үшін алты жол қарастырылған. Екі маневрлік тепловоз жұмыс жасап тұр.  Порт кешенінде станция кезекшілері, пойыз құрастырушы, жүк қабылдап-тапсырушы, тауар кассирлері, транзиттік агенттері, вагон қараушылар, машинистер, барлығы  60 шақты теміржолшы еңбек етуде. Бастапқыда тек күндіз ғана жұмыс жасайтын мамандар бүгінде тәулік бойы тыным таппайды. Олар түнгі ауысымда да жүк тиеу, түсіру жұмыстарын тоқтатпайды. Ай соңына қарай ондағы қызметкерлер 12 сағаттық жұмысқа ауыспақшы. Құрық-порт станциясының басшысы Аманқос Құсайынов үстіміздегі жылы наурыздың 24-і күні алғашқы жүк жөнелтілгеннен бергі уақытта Құрық теңіз порты арқылы 761 вагон жүк тиеліп, 1322 вагон жүк қабылданғандығын жеткізді. Айта кетейік, станция алты-алтыдан, яғни барлығы 12 жолы бар «А» және «Б» парктерінен тұрады. Қазіргі сәтте, бірінші іске қосу кешені, яки «А» паркі пайдалануға берілген. Бұл паркте пойыздар қабылдау және жөнелту процестері жүзеге асырылады. Ал келешекте «Б» паркінің алты жолы салынып, қолданысқа берілгенде, онда вагондарды сұрыптау жұмыстары жүзеге асырылмақ.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті