Ортақ тақырып талқыланды

Жаңалықтар
23.05.2017, 11:52
Оқуға 2 мин
Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде көлік прокуратурасы мен көліктегі бақылау комитетінің,  Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер басқармасы мен  әскерилендірілген теміржол күзетінің өкілдері қатысқан  жиын өтті.  Онда теміржол бойында адам факторынан орын алатын қиындық-кедергілерді жою,  бөгде адамдарды пойыз басу, төрт-түліктің бақылаусыз жүруі, өтпелердегі жол-көлік оқиғалары, жолға жақын заңсыз құрылыс нысандарының салынуы, т.б. мәселелерді бірлесіп шешу жайы сөз болды.  Бөлімше инженері Мұрат Бейдалиев  келтрген дерекке сүйенсек, жыл сайын теміржол табанына 10-13 адам түседі екен. Биылғы жылдың бес айында 5 бақытсыз жағдай орын алса, соның төртеуі кісі өлімімен аяқталған. Үш ірі қараны пойыз басып, 3 рет  жол-көлік оқиғасы тіркелген. Машинистердің жедел тежегішті басуы  көбіне  Черноводск – Бадам – Қорғасын – Шымкент – Қызылсай – Манкент аралығында орын алады екен.    Арыс ірілендірілген жол дистанциясының жетекші инженері Б. Рысбеков теміржол бойындағы ұрлықтың азаймай тұрғанына тоқталды. Жалпы Шымкент Магистральді желі бөлімшесі бойынша 2017 жылы 413 мың теңгеге шығын келтірген 15 ұрлық жағдайы тіркеліпті. Өткен жылы Шымкент жол дистанциясында құны 1 млн.500 мың тұратын 87 дана панельді қоршаулар ұрланыпты. Сондай-ақ жиында теміржол бойының санитарлық тазалығы, жол жағалай қоныстанған тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды жол жиегіне төгетіні, оларға айыппұл салып тәртіпке келтіру  үшін қаладағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандары мен темір жол өтетін бес аудан әкімдігіне хат жазылы да сөз болды.  Одан бөлек, аталған телім бойында 22 заңсыз өтпенің бар, жол-көлік оқиғалары осы күзетілмейтін өтпелерде болады, құқық қорғау органдары одан хабардар. Ал тұрғын үйлердің жолға жақын салынуының  зардабы аз тартылмаса да, бұл даулы мәселенің шешімі табылмай келеді. Енді бұл тұрғын үйлерді теміржолдан алшақтату ісі тек сот арқылы шешілмек. Жергілікті әкімдіктер теміржолға жақын тұрғындардың төрт түлігі бақылаусыз жайылар болса  мал иесіне шара қолданатын болды.  Осылайша, кездесуге қатысқан тараптар қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына  үлес қосуға уағдаласты.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті