Дайындық жұмыстарын аяқтады

Жаңалықтар
23.05.2017, 12:44
Оқуға 2 мин
«Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуіне дайындық жұмыстарын тәмамдады.  Атқарылған жұмыстар барысы жайында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов мәлімдеді. –Халықаралық көрменің өткізілу қарсаңында бекет-станциялар толық жөнделді деп айтуға болады. Негізгі күш қонақтардың көзіне бірінші көрінетін вокзал ғимараттарының сыртқы-ішкі көріністерінің талапқа сай болуы үшін ауысыммен жұмыс жасап, жөндеу жұмыстарын өткіздік. «Байқоңыр» кешенін орналасқан Төретам станциясындағы вокзал мен «Қорқыт ата кешеніне» жақын Жосалы және Қорқыт станцияларындағы теміржол вокзалдары жаңа түрге енді. Теміржол вокзалдарында ЭКСПО көрмесі жайында ақпараттар мен жарнамалық стендтер ілінді, – дейді көрмеге қатысты дайындық жұмыстары жайлы директордың орынбасары. Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ аймақтық филиалы қызметкерлері билет алған әрбір жолаушыға «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттерін алу жайлы ұсыныстар айтуда. –Негізінен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін сату жұмыстарын атқаруға бағытталған біздің ұжымның теміржолшылары қазіргі таңда билет кассалары арқылы 31 дисконтты картасын, 19 билет сатылды. Және де жергілікті еңбек ұжымдарынан көрме билетін алуға топтық тапсырыстар түсуде. ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерін сатып алған жағдайда жол жүру билеттеріне қандай жеңілдіктер берілетіні егжей-тегжейлі қазақша және орысша мәтінде әзірленген екі ваннер вокзал ғимаратының көрнекті жеріне ілінген, – деген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның аймақтық филиалы басшысы Алмас Дәуітбаев көрме дайындығы жайлы жұмыстарды жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірге жүргізіп жатқанын жеткізді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті