Қазақстан мен Қытай: контейнер тасымалын бірге дамытпақ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың 23-24 мамырда Қытайға Чэнду және Чунцин қалаларының Халық үкіметі өкілдерімен жемісті кездесулер өткізуге мүмкіндік бергенін хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жуырда Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ляньюньган порты, COSCO Shipping компаниясымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-сын бірлесіп дамыту тұрғысындағы үшжақты келісімге қол қойылғаны белгілі.
«Бұл оқиғаға логистикалық нарық ойыншылары қызығушылық танытып отыр. Бұл өз кезегінде еуропалық бағдарға шығатын жаңа дәліздерді игеруге серпін береді», – дейді осы жайтқа қатысты өз ойын білдірген ҚТЖ жетекшісі.
Қанат Алпысбаев аспан асты еліне бұл жолғы сапарында Чэнду қаласы Халық үкіметінің логистика басқармасының бастығы Ч. Чжунвэймен, ал Чунцин қаласы Халық үкіметінің Ақпараттандыру және экономика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Я. Лиционмен кездесулерінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасын бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығы жан-жақты сөз болды.
Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы Достық және Алтынкөл сынды теміржол өткелдері арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыру, Еуропа, Орталық Азия елдері, Иран, Түркия бағдарына контейнерлік тасымалды бірлесіп дамыту жайын ақылдасты. Сонымен қатар, Қытайдан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы төрт айдағы контейнерлік тасымалды ұйымдастырудың оң нәтижесін атап өтті. Күні бүгінге дейін Чэнду – Еуропа – Чэнду бағдарына 232 пойыз қатынаған. Бұл дегеніміз – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төрт есеге жоғары көрсеткіш.
Чунцин – Достық/Алтынкөл – Дуйсбург бағдарына 102 контейнерлік пойыз жіберілген. Яғни, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 41 пойызға көп.
Кездесуге қатысушы тараптар, сонымен қатар кері қарай қатынайтын контейнерлік пойыздарды да жүктермен қамтуды, оның сыртында, қазақстандық тараптың бастамашылығымен тез бұзылатын азық-түліктерді рефирижаторлық контейнерлермен тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін қарастырды.
Қытай Халық Республикасына сапары барысында Қанат Алпысбаев DHL компаниясының басшылары С. Хуангпен және З. Енжинмен де кездескені атап өтілуде.
Ескендір Абытхан
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті