Полк баласы
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Ақтөбе филиалы мен облыс әкімдігінің қамқоршылық бөлімі жетім балаларды әлеуметтік-патронаттық қолдау бойынша өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған.
Филиал ұжымы Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі Тержан Мұхамбетті патронаттық қамқорлыққа алып, бүгінде 15 жастағы жасөспірімге қаражат жинап, баспана алып беру жағы қарастырылуда. Ал әзірге күзетшілер оны өз балаларымен бірге жазғы лагерьге жіберуге қамдап жатыр.
Тержан 2002 жылы дүниеге келген, оқу үздігі. Күреспен айналысады, футбол ойнағанды жақсы көреді. Ата-анасы бас тартып, балалар үйіне өткізген.
Ұжымдағы әр қызметкер 500 теңгеден жинап, «полк баласының» есепшотына аударып, бүгінде Тержанның Халық банкіндегі «Балалар» депозиттік шотында 2 миллион теңге көлемінде жинақ бар. Енді оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шотына аудару қарастырылып жатыр.
–Әр мереке сайын, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде Тержанды мекемеге әкеліп, ұжыммен қарым-қатынас орнатуға баулимыз. Жазда филиал қызметкерлерінің 36 баласымен бірге Ақтөбе қаласындағы «Восток» лагерінде демалды. Оған 70 мың теңгеге киім сатып алынды, – дейді филиал директоры Талғат Сисен.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті