Вокзалдар қайтарылды

Жаңалықтар
25.05.2017, 20:05
Оқуға 2 мин
Шымкентпен қатар Түлкібас, Манкент, Бадам, Арыс-1, Арыс-2, Сарыағаш, Түркістан, Шеңгелді, Темір вокзалдары штаттағы мамандарымен қоса екі айдан бері Шымкент магистральді желі бөлімшесінің қарамағына өтті. Бұған дейін жетеуі «Вокзал-сервис» АҚ Оңтүстік аймағына қарап келсе, Сарыағаш бұрыннан «Шымкент бөлімшесі ЖТ» филиалында болған. Бадам мен Темір бекеттерінің бірін жол, екіншісін байланыс дистанциялары қамқорлықтарына алып келіпті.   Шымкент магистральді желі бөлімшесі бастығының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Есімжан Байырбекұлы Шымкент сынды сыныптан тыс және бірінші санатты вокзалдарға жаңа концепция жасалғанын айтады. Жолаушыларға жақсы қызмет сапасын ұсыну үшін сервистік қызмет түрін жетілдірмек.     – Вокзал – қаланың айнасы болғандықтан, ондағы сауда нүктелері де  шаһардың эстетикалық келбетіне сай болуы шарт. Сондықтан вокзал аумағы базар типтес дүңгіршектерден тазаруда. Бірақ, кәсіп иелеріне жаңадан бутик алып, алдымен соның эскизін сызып әкелуге мүмкіндік бердік. Барлығының сызбалары конкурсқа түсіп, ішінде эстетикалық келбеті ұнағандары ғана өтті.Түркістан мен күніне 300 жолаушы қатынайтын Түлкібаста мұндай талап болмаса да, ескі темір буткалардың орнына пластиктен жасалған дүңгіршіктер қойылады, – дейді Есімжан Заңқоев. 1 маусымнан бастап вокзалда әуежайдағыдай жолаушы мен жүгін толық тексеруден өткізетін құрылғы жұмыс істемек. Бүгінде вокзал дикторлары  бұл жайлы үздіксіз хабарландыру айтуда. Тексеретін құрылғылармен жұмыс істеу үшін Әскерилендірілген темір жол күзетінен 59 маман алынып, штат санын толықтыруда. Келесі айдың басынан Астана, Алматыдан арнайы мамандар келіп жұмыс барысын үйретеді.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті