Шымкентте теміржол магистральді желісінің қауіпсіздік деңгейі жақсарды

Жаңалықтар
30.01.2024, 14:43

Шымкентте теміржол магистралды желісінің қауіпсіздік деңгейі 25 % жақсарды,  деп хабарлайды Rail-news.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.  

Сала мамандарының сөзінше, механикалық жабдықтар мен заманауи техникалық мүмкіндіктің артуы әсерінен шойын жол бойында оқыс жағдайлар азайған. Одан бөлек қарапайым жұмысшылардың еңбек өнімділігі артып, аймақта модульдік нысандар мен жылыну бекеттері ашылып жатыр.  

Тәшенбай Әліқұлов теміржол саласында 10 жылдай уақыт еңбек етіп келеді. Тәжірибелі маманға жүктелетін жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Ауа райы қанша құбылса да темір жолда темірдей тәртіп болу керек. «Әрине, ең алдымен күтіп ұстау жұмыстарының маңызы зор. Сонда ғана жол сапасы жақсарып, пойыздың жүру жылдамдығы артады», дейді ол.  

«Бәрін тексеріп шығамыз. Қараймыз бәрін. Жауапкершілігі бар жұмыс болғаннан кейін біздің міндетімізге сол жұмыстар кіреді. Жаңа инструмент жаңа техника барлығы. Бәрі бар жеткілікті. Қысы-жазы, күннің ыстығы, суығы, мынандай жаңбыр, қарға қарамаймыз», - дейді теміржол монтері Тәшенбай Әліқұлов.  

Шымкент магистральды желісінде 2 мыңдай адам еңбек етіп жүр. Былтыр олар 40 шақырымнан астам теміржолды күрделі жөндеуден өткізді. Бұған қоса тағы 170 шақырымдай жол қалыпқа келтірілді. Қарапайым жұмысшылардың қол еңбегін жеңілдету үшін жаңадан құрал-саймандар сатып алынды.  

Теміржол арқылы жолаушылар мен жүктердің кедергісіз тасымалдануы ел экономикасы үшін аса маңызды. Ал, сала мамандарының шалғай елді мекендерде алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай қажет. Осыны қамтамасыз ету мақсатында ел бойынша 132 модульдік нысан салынды. Жаңадан 1224 жылыну бекеті ашылды.  

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша жол қауіпсіздігі 25% төмендеді. Жоспарымыз өте ауқымды. Алда тек қана теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, біз жол қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын әрі қарай дамыта түсетін боламыз», - дейді Шымкент магистральды желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков.

Былтыр теміржолшылардың жалақысы 20%-ға өскен. Осылайша өндірістік қызметкерлердің орташа табысы республикалық деңгеймен салыстырғанда едәуір артып отыр.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады