ҚТЖ және Maqsut Narikbayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
02.02.2024, 12:00
Фото: Александра Жабчука

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компанияның кадрлық әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 2023 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 2023-2024 жылдарға арналған бейінді оқу орындарымен өзара іс-қимылының жол картасы бекітілді. Еліміздің оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 23 меморандум жасалды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Maqsut Narikbayev University арасында кадрлар даярлау және кадрларды даярлаудағы біліктілікті арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумның мақсаты - білім беру және Қазақстанның теміржол саласы үшін білікті мамандар даярлаудағы өзара қарым-қатынастарды дамыту және нығайту.

- Теміржол ел экономикасын дамытуда шешуші рөл атқарады. Оның табысты жұмыс істеуі үшін бізге заманауи технологиялар мен инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби кадрлар да қажет. Дәл осы кадрлық әлеует – саланы дамытудың негізі, - деп атап өтті меморандумға қол қою рәсімі кезінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ аппаратының басшысы Серік Кеулімжаев.

Ынтымақтастық мамандандырылған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және кадрларды қайта даярлауға ықпал етеді, бұл ҚТЖ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын нығайтады, осылайша ұсынылатын теміржол қызметтерінің сапасын арттырады.

Maqsut Narikbayev University студенттері еліміздің жетекші компанияларының бірінде тағылымдамадан өтуге, практикалық дағдылар мен білім алуға бірегей мүмкіндік алады, бұл оқуды бітіргеннен кейін олардың жұмысқа орналасуын айтарлықтай жақсартады.

Maqsut Narikbayev University провосты Сергей Пен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті: "Бұл ынтымақтастық біздің студенттер мен оқытушылар үшін жаңа көкжиектер ашады. ҚТЖ-мен бірлесіп жұмыс істеу біздің университетке де, жалпы Қазақстанның теміржол саласына да елеулі пайда әкелетініне сенімдіміз".

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті