Қазақстан мен Қытай теміржолшылары 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады

Жаңалықтар
05.02.2024, 10:16

Үрімші қаласында Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің жұмыс кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік процесс жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров, Қытай тарапын – «Үрімші темір жолы» ЖШҚ басқарма төрағасы Гао Цзяньян басқарды.

Тараптар 2023 жылы шекаралық темір жолдардың жұмысын қорытындылады. Екі ел арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке – 28 млн тоннадан астамға жеткені атап өтілді. Бұл ретте Қазақстанның жүк жөнелтушілері экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтіп, көрсеткіш 2022 жылғы деңгейге қарағанда 35% өсті. Астық жүктерінің экспорты 2 есеге, 2,2 млн тоннаға дейін, ұн мен ұнтақ өнімдері – 3 есеге, 600 мың тоннаға дейін, өсімдік майы - 56%, 180 мың тоннаға дейін, түсті металдар – 41%, 500 мың тоннаға дейін, кокс 4 есеге ұлғайды.

Кездесуде қазақстандық тарап өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылы жоспарланған кең ауқымды жол жұмыстары, белгі беру және автоматика құралдарын жаңғырту, Мойынты – Достық учаскесінде инфрақұрылымды кеңейту туралы хабардар етті. Өз кезегінде Қытай тарапы Цзинхэ-Алашаңқай теміржол учаскесін жаңғыртуды таныстырды.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар Достық – Алашаңқай шекаралық өткелінде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстарды үндестіруге келісті. 2024 жылы инфрақұрылымды дамыту бойынша алдағы жұмыстарды ескере отырып, жүктерді тасымалдау көлемін өткен жыл деңгейінде сақтауға  уағдаластыққа қол жеткізді.  

Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Үрімші темір жолының пойыздық диспетчерлік орталығына барды, онда жүк пойыздарын қабылдау және тапсыру, алдын ала ақпарат алмасу, оның ішінде кедендік рәсімдерді жүргізу үшін электрондық форматтағы деректер мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Алашаңқай станциясының бондтық аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын түсіру бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті.

Тэчэн қаласында ҚХР көлік министрлігінің мемлекеттік теміржол әкімшілігі мен ШҰАА Тарбағатай округі басшылығымен келіссөздер өтті. Кездесуде қазақстандық тарап Аягөз – Бақты теміржол желісін және Бақты – Тэчэн үшінші шекаралық теміржол өткелін салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Қытайлық әріптестер Тэчэн - Қазақстанмен мемлекеттік шекаралық теміржол желісінің құрылысы туралы айтып берді. Тарбағатай округінің басшылығы көлік-логистикалық орталық пен қалалық өнеркәсіп аймағының құрылысы жүріп жатқан «Тэчэн округінің даму жөніндегі пилоттық аймағына» (АЭА) баруды ұйымдастырды.

 

Келіссөздер нәтижелері бойынша Тараптар тиісті Хаттамаға қол қойды.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?