Павлодар конструкторлық-сынама орталығында 13 мыңнан астам жол құралдары дайындалды

Жаңалықтар
05.02.2024, 15:44

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының Павлодар конструкторлық-сынама орталығы 2023 жылы 13 358 жол құралын дайындады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

– Біздің мамандар жол монтерлерінің жұмысына қажетті құралдарды шығарады. Атап айтқанда, лом, балғалар, кілттердің әр түрлері, қапсырмалар. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің күшімен шағын механикаландыру құралдарын, домкраттарды, рихтовщиктерді, порталдық крандарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді конструкторлық-сынама орталығының бастығы Мұрат Мәкімов.

Болашақта шығарылатын құралдар мен жөнделетін механикаландыру құралдарының тізбесін ұлғайту және сапасын арттыру үшін қосымша станоктық жабдықтар сатып алу жоспарлануда.

 ҚТЖ жол және құрылыс департаментінің бас менеджері Қанат Базыловтың айтуынша, конструкторлық-сынама орталығы жыл сайын өз әлеуетін арттыруда.

– Өндірілген өнім қауіпсіз және сапалы, мамандардың жұмысына күмәнданудың қажеті жоқ. Бұл кәсіпорынның жемісті дамуының барлық алғышарттары бар: жоғары білікті мамандар, материалдық база, ең бастысы – сауатты басқарушылық және кәсіби тәсіл, – деп атап өтті Қанат Базылов.

Ол КСО мамандары энергетика, белгі беру және байланыс қызметтері үшін де өнім шығаруға дайын екенін айтты.

2024 жылы 15 мыңнан астам жол құралдарын жасап, 400-ден астам шағын механикаландыру бірлігін жөндеу жоспарлануда.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды