Астана жол дистанциясы жолды қардан тазартуға «Ауыр артилерияны» іске қосты (Фото)

Жаңалықтар
09.02.2024, 09:53
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қыс басталса қарбалас тірлігі артатын жолшылар үшін биылғы қатал маусымның басты жұмысы қар тазалау болып тұр.

Арқаның қысының әуселесін әуелден білетін астаналық жолшылар табиғаттың тосын сыйына қашан да дайын. Астана жол дистанциясына қарайтын 731,5 км теміржол телімінде бүгінде қар тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. «Ауыр артилерия» да іске қосылған, яғни жолшыларға көмекке техника келген.  

– Астана жол дистанциясы қар тазалауға арналған техникалардың бәрін жаз бен күзде жөндеп, жарамдылығын тексеріп, майлап, сырлап, дайындап қойған. Дәл қазіргі күндері дистанция бойынша 13 техника қармен күрес жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Ұйытқи соққан ақпанның ақ бораны жолдарды лезде қарға көміп тастап, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, жолшылар үнемі жол бойында жүр. Жалпы биыл қыс басталғалы дистанцияға қарасты теміржол бойынан 116 200 текше метр қар шығарылды, – деп мәлімет берді дистанцияның бас инженері Төленді Шапшекеев.  

Аталған техникалардың алтауы – СМ2 машиналары, олар станция бойындағы қарды жинап апарып полигонға төгеді. ПСС - комбайн сияқты қарды өзі жинап, өзі апарып төгуге арналған. Қалған алтауы – СДПМ техникасы көбіне перегондарда жолдың қарын қырып, алысқа лақтырып өтеді. Бұл техникамен қыс түскелі 2863 км жолдың қары қырылып, тазаланған екен. Бұлардан бөлек станциялардағы бағыттама бұрмалардың қарын ауамен үрлеп кетіретін 6 үрмелі компрессор бар. Оны міндетті түрде 8 адамнан 16 адам жұптасып, әр құралға екі адамнан жұмыс істеуде дейді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті