Аягөз атамекені...  

Жаңалықтар
25.05.2017, 21:24
Оқуға 2 мин
Бүгінгі Семей темір жолында кәсіптік қызметтерін сонау Түрксіб құрылысы дәуірінде бастаған, базбір өкілдерінің есімі аңызға айналған еңбек әулеттері көп. Солардың бірі – әйгілі Мұсабаевтар династиясы.  Қазіргі қазақ шойын жолында олардың төртінші буыны жұмыс істеп жатыр. Ал, салалық қызметте мүшелері бір қауым ел болатын даңқты әулет арасында ерекшелеп айтар бір теміржолшы Мұхаметқали Мұсабаев. Теміржол саласына сонау он жеті жасар бозбала шағында  келген ел ағасының еңбек өтілі жарты ғасырға таяу. Осы уақыт аралығында өз кәсібі бойынша қызметтің барлық баспалдағынан өтіп, ыстық-суығында шыңдалған ол Аягөз, Делбегетей, Жаңасемей, Семей станцияларында сан түрлі қызмет атқарды. Жолшыдан бастап пойыз диспетчері, вокзал бастығы, бөлімшенің кәсіподақ төрағасы, қалпына келтіру пойызының бастығы, ревизорлық аппарат инженері, ревизор, Жаңасемей станциясының бастығы, теміржол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы сынды қызметтерді абыроймен атқарды. Әкесі «Қозғалыс саласының үздігі» Кәукен Мұсабаев алғашқы еңбек жолын 1928 жылы ғасыр құрылысы Түркістан – Сібір темір жолын салудан бастаған екен. Қазіргі Ертіс үстіндегі еліміз бойынша ең ұзын саналатын теміржол көпірінің құрылысын салуға бастан-аяқ қатысқан тұлға. Бұл ата кәсіп бүгінгі ұрпақтарына да құт болып дарыды. Әке жолын қуып, теміржолшы мамандығын иеленген бес ұлдың үшеуі «Құрметті теміржолшы» атаныпты. Жалпы, Мұсабаевтар династиясын республикаға  танымал әулет. 2014 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған салтанатты шарада Өмірзақ Шөкеевтің қолынан «Еңбек әулеті» медалін алған бұл әулет мүшелерінің   дені  қозғалысшылар екен. Мұсабаевтардың теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 687 жыл 10 айды құрайды екен. Астана мен Алматы қалаларында да Мұсабаевтардың үрім-бұтағы көп. Алайда, әулет өкілдерінің ең көп шоғырланған жері – атамекендері Аягөз. Бүгінде осынау теміролшылар қаласындағы әр мекемеден Мұсабаевтардың бір-бір өкілін жолықтыруға болады. Ал, Мұхаметқали Кәукенұлының өзі бүгінде үш бағытқа қызмет көрсететін Шар станциясының бастығы болып еңбек етуде. Екі қыз бір ұл тәрбиелеп өсіріп, бес немері сүйіп отырған жанның  балалары да ата жолынан танбай теміржолшы атанды. – Әрдайым әкеміздің абырой-атағына кір келтірмеуге тырыстық. Осынау ұстаным династияның жаңа толқынында да бар. Мен осыған қуанамын. Бүгінгі күні Мұсабаев әулетінде 30-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Әр буын қазіргі қазақ теміржолының дамуына өзіндік қолтаңба қалдырып, үлес қосуда, – дейді даңқты әулеттің бүгінгі аға буын өкілі.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті