Қазақстан – Вьетнам: жаңа көлік дәлізіне негіз қалайды

Жаңалықтар
30.05.2017, 14:54
Оқуға 2 мин
Оңтүстік Шығыс Азия мен ЕАЭО және ЕО арасындағы көлік дәлізін Қазақстан мен Вьетнам салмақ. Осы аралықтағы көліктік-логистикалық тиімді тізбекті Қазақстан аумағы арқылы салуға «ҚТЖ» ҰК» АҚ зор маңыз беріп отыр. Елімізде вьетнамдық Saigon Newрort Cоrporation компаниясының өкілдері өткізген кездесулер мен келіссөздер осы тақырыпқа арналды. Өзара тиімді әріптестіктікті нығайту мақсатында SNC компаниясының директоры Нгуен Данг Нги бастаған делегация «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын, Қытайдағы Ляньюньган портында қазақстандық-қытай инфрақұрылымын аралады. Ал Астанада «ҚТЖ» компаниясының логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаевпен келіссөздер өткізді. Нгуен Данг Нгидің айтуынша, қарқынды дамушы Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасындағы Еуразия құрылығының ортасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттердің транзиттік жоғары әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қолайлы.   Ұлттық компания вице-президентінің бағалауына қарағанда, Вьетнамнан және оған жүк тасымалдау үшін болашағы зор бағдар ретінде Чунцин – Дуйсбург қарастырылады, оның жалпы ұзындығы шамамен 12 мың км. Бұл бағдар вьетнамдық тауарларды Еуропаға экспорттау мерзімін қысқартып, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Осы шара барысында вьетнамдықтарға «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қызметі таныстырылып, оның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жүзеге асырудағы және логистикалық құзыретін дамытудағы рөлі түсіндірілді. Оларға құрғақ порт пен АЭА аумағының логистикалық және индустриалды аумағына экскурсия ұйымдастырылды. –Біз үшін жолдағы жүктеріміздің ұзақтығын аталған логистикалық тізбек арқылы азайту маңызды. Біздің клиенттеріміз өз жүктерін Қазақстанға, Орталық Азия аймағына және Еуропаға тез тасымалдауға асығуда. Аталған АЭА-тың ашылғанына бір жыл болмаса да бүгінде мұнда күн сайын 3 контейнерлік пойыз қатынап тұрғанын көрдік. Жүктер мұнда ең заманауи құрал-жабдықтардың арқасында СВХ және контейнерлерде сақталады. Болашақта бұл жүктер көлемі ұлғая түсетініне сенімдіміз, –дейді SNC директоры Нгуен Данг Нги. Олардың көптеген клиенті осы бағдарға қазірден қызығушылық танытып отырған көрінеді. Вьетнамның халықаралық нарыққа өте көптеген өнімдер шығаратыны, атап айтқанда, дәстүрлі экспорттық жүктерінің қатарында теңіз тағамдары, жемістер, бұршақ тұқымдас өнімдер, күріш бар екенін ескерсек, бұл бағдар олардың транзиттік уақытын азайту жағынан өте тиімді болғалы тұр.

Ирина БЕКТИЯРОВА,

Қорғас

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті