Мақсат - кедергісіз аймақ құру

Жаңалықтар
30.05.2017, 15:35
Оқуға 2 мин
Қызылорда вокзалында жергілікті тұрғындармен қатар мүмкіндігі  шектеулі жандарға көрсетілетін сервистік қызмет және жеңілдіктер жайлы Үкіметтік емес ұйымдар мен «Теміржол» филиалының белсенділері  танысты.   Вокзалдардың жұмысымен «Магистральдық желі бөлімшесі» директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов таныстырды. Шара барысында вокзалдың ішінен күту залында мүгедектерге арналған арнайы белгілері қойылған орындар, мүгедек жандардың өз бетінше жол жүру құжаттартарын ресімдеу үшін билет кассасы, есту қабілеті төмен жолаушыларға арналған индукциялық панель құрылғылары, сонымен қатар анықтама бюросында мүгедектерге арналған кезекшіні шақыру тетігі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін автокөлік қоятын автотұрақ орындары мен қала мен перрон жағынан орнатылған пандустардың қандай жағдайда екені тексеріліп,  партиялық тұрғыдан бақыланды. Бір ғасырдан аса уақыт бойы халық игілігіне қызмет жасап келген вокзал ғимараты ескі болғанына қарамастан билет кассалары қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететіндей қайта жабдықталған. Бірақ, вокзал аумағында орналасқан пандустардың стандарттық талапқа сәйкес келмейтіні және мүгедек жандардың автотұрақ орындарында сызылған жер жолақтарын жоқтығы анықталды. - Біздер вагонан түскеннен бастап вокзал аймағынан шығып кеткенше мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз. Вокзал ғимараты ертеректе салынғандықтан перронға көтерілетін пандустарды стандартқа сай етіп қайта салынуы, арнайы автотұрақтарда орын белгіленуі үшін тиісті органдарға ұсыныстар жазылды. Және де мұның бәрі өз ретімен іс жүзіне асырылатын болады,-деп түсіндірді «Магистральдық желі бөлімшесі» директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті