Құқықтық білім берді

Жаңалықтар
30.05.2017, 15:39
Оқуға 2 мин
ҚР Кәсіподақ Федерациясының еңбек дауларын шешу және зерттеу, оқу орталығының ұйымдастыруымен Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ белсенділері арасында «Еңбек жанжалдары және еңбек дауларын шешу. Оларды шешудің құралдары. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық – шарттық қарым-қатынастар» тақырыбында семинар өтті. Кәсіподақ оқуына кәсіподақ қызметкерлері және белсенділерімен қатар, жұмыс беруші тараптың өкілдері, мекеме басшылары да қатысты. Семинар модераторы, аталмыш орталықтың директоры, экономика ғылымдарының докторы Мейрам Қажыкенов болды. Басқосуды ашқан  филиал директорының бірінші орынбасары Дәукен Ибраев «Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық санасын көтеру мен еңбекшілердің қоғамдық белсенділігін жоғарылатуда, жұмыс берушінің заңсыз талаптарына көнбістік танытпауға үйретуде, жергілікті ұйымдарда еңбек заңнамасын бұзуға  жол бермеуде осындай басқосулардың берері мол екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Салалық кәсіподақ ұйымы Орталық кеңесінің өкілі Алик Досанов та өз кезегінде жиында еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша маңызды мәселелер көтерілетіндігін айтып, қатысушыларды белсенді болуға шақырды. Аталмыш шараның Семей ЖТ бөлімшесі ұйымының жұмыс жоспарына сай кәсіподақ белсенділеріне құқықтық білім беру мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізді. Семей өңірінде  өткен оқытудың соңында Мейрам Зекешұлы слайд түрінде дайындап әкелген Кәсіподақтың Заң қызметімен еңбек құқығын қолдану сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы сұрақтар бойынша құжаттар жинағын қатысушыларға үлестіріп берді.

Ерлан Ғазез, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті