Үнем көзі... заманауи шамдар

Жаңалықтар
30.05.2017, 15:51
Оқуға 2 мин
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясында жыл басынан бері электр энергиясы 77 пайызға үнемделіпті. Яғни, 1 миллион киловаттан астам электр қуаты немесе 19 миллион теңге үнемделіп отыр. Мұның себебі неде дегенге келсек, мамандардың мәліметінше жол бойындағы ескі шамдарды энергия сақтайтын заманауи түріне алмастырғаннан кейін осындай көрсеткіштерге қол жеткізіліп отыр. Өңірдегі электрмен жабдықтау дистанциясы 3,2 миллион кВт/сағ қуат тұтынуды жоспарлаған. Ұлттық компанияға қарасты кәсіпорындар 4,1 миллион кВт/сағ қуат тұтынамыз деп өтінім білдіргендерімен, іс жүзінде қажеттілік 176 мың кВт/сағ көрсеткішке асып кетті. Әсіресе, Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясы, Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясы, Қандыағаш жол дистанциясы, Қандыағаш ШЧ мекемелері берген ұсыныстан артық қуат қолданған. Айта кетейік, энергия үнемдеу шаралары Еуропалық даму және қайта құру банкі қаражатының есебінен жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, дистанцияда зиянды өндірістегі шығынның өтелуі де өзгелерге үлгі боларлық. Дистанцияда зиянды өндірісте 8 адам еңбек етеді. Жыл басынан бері оларға 200 литрден астам сүт берілген. 2017 жылға сүт жеткізу жөнінде «АзияСпецСнаб» ЖШС-пен келісімшартқа қол қойылыпты. Сонымен бірге, электрмен жабдықтау дистанциясында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты жылдың басында төменгі жалақы мөлшері қайта есептеліп, регрестік төлемдер жүзеге асырылды. Мәселен, өндірістегі зияндылық үшін үшінші топтағы мүгедекке 100 мыңның үстінде өтем өтелді, екінші және үшінші топтағы тағы екі қызметкерге 200 және 300 мың теңге көлемінде ақы төленді. Биылғы жыл дистанцияда  өндірісте жарақат алу дерегі тіркелмеген. Еңбек қорғау жөніндегі шаралар 2017 жылға бекітілген кешенді бағдарламалар аясында қолға алынады. Осы жылдың алғашқы 4 айында 9 шара өткізілген. 

Бекбол Құлдан, Ақтөбе

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті