Қызылсайға көпір керек

Жаңалықтар
30.05.2017, 18:40
Оқуға 3 мин
Шымкент бөлімшесінің Қызылсай станциясы үшін бір аспалы көпірдің керектігі өзектілігін жоймауда. Станция маңының қоршалуы келесі жылдың жоспарына енген. Ал әзірге не көпір не қоршау болмағандықтан бұл ауылдың жас-кәрісі темір жолдың үстімен өтуді әдетке айналдырған. Станцияның еңбек қорғау инженері Алтынай Пірматова бекет маңындағы темір жолдан жиі өтетін бөгде адамдармен жұмыс жасауды үзбейді. Жергілікті халық қана емес, облыс тұрғындары да хабардар болуы үшін облыстық телеарна мен БАҚ өкілдерін шақырып, тұрғындармен жиын өткізуден де кенде емес. Жыл басынан бері екі рет Шымкент станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен, күзетшілерімен бірлесіп №102 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мектеп директоры Дамира Құрымбаева да үнемі оқушыларды жинап, көмек қолын созады. Ақпанда барғанда 8-10 сыныптардың оқушыларын, жақында 6-7 сыныптың 120 баласын жиып,  қауіпсіздік дәрісін өткізген. Былтыр оқушыларының ата-анасымен де жолыққан екен. Биылдыққа станцияға жүзге тарта қызылсайлықтарды шақырып, өздері мен балаларының қауіпсіздігін ойлауды тағы ескерткен. –Айтуын айтқанмен, көпір жоқ болғасын «теміржолдан өтпегенде қайдан өтеміз?» деп өзімізге сұрақ қояды. Ал жұрт «тесік көпір» атап кеткен екі тунель алыста орналасқан. Оның бірінен оқушылар өтеді. Түнгі жарығын үнемі біздің станция басшысы орнатып береді. Сақтандыру белгілерін қойып кетеміз. Бірақ, бұзақы балалар көпке шыдатпай шамдарды сындырып тастайды. Былтыр әкімнің орынбасары келіп, халықпен басқосуда көпір болады деп уәде берген болатын, қызылсаулықтар соны күтіп жүр. Дегенмен, оған дейін станция аумағы қоршалса өтетін жер болмай, тұрғындар амалсыз екі тунелден айналып өтуіне тура келетін еді. Бөгде адамдардан бөлек, теміржол бойында төрт-түлік те қараусыз жайылып жүреді. Кеше ғана машинист шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болды,- дейді Алтынай Дарханқызы шарасыз бас шайқап. Ақпан мен наурыз арасында бекетте «Еңбек қауіпсіздігін сақтау – әр теміржолшының міндеті» айлығы жүрген. – Кейде теміржолшылапрдың өздері қауіпсіздікті сақтамайды. Ауысымға түсерде тынықпай келеді. Медициналық тексеруден тек пойыз құрастырушылар өтетіндіктен, қалғандары үнемі қан қысымын өлшеп жүрмейтіні рас. Айлық барысында тоғыз пойыз құрастырушы, 12 жүк қабылдап-жөнелтуші, бес оператормен үш рет жиналыс ұйымдастырылды.  Кестеге сай, ескертпестен шұғыл тексеру жүргізілді. Әйелдердің жайтабан аяқ киім киюін талап етеміз. Былтыр бір бекетте жұмысқа биік тақалы аяқ киіммен келіп, техникалық кеңседе еңбек ететін  жұмысшы-әйел құлап қалған. Оған өзінен басқа ешкім кінәлі емес. Сол жағдай бізде қайталанбауын қадағалаймыз. Осы жерде оншақты жылдан бері еңбек қоршау инженері болғандықтан, жергілікті теміржолшыларды бес саусақтай жақсы білемін, біреулер бір айтқанды екі етпейді ұқыпты, кейбіреуін жекелеп шақырып әңгімелесемін. Бір жетістігіміз, ұжымда теміржолшылардың жарақат алу жағдайы тіркелген емес, - дейді инженер.

Динар МЕЙІРМАН,Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті