Сапаға бәс тігу
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында «Қамқор Менеджмент» Компаниялар тобының гранты бойынша білім алған студенттерге дипломдарды табыс ету шарасы өтті.
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша еліміздегі теміржолдың үздік жоғарғы оқу орнында білім алу гранттары иегерлерінің арасында Қамқор компаниялар тобының 38 қызметкері бар. Олардың 14-і «Қамқор Локомотив», 12-сі «Қамқор Вагон» кәсіпорнында, ал қалғандары еліміздің түрлі өңірлерінде «Теміржолжөндеу» ЖШС-де жұмыс істейтін мамандар екен. Аталмыш білім беру жобасы болашағы бар, кәсіпқойлығы жоғары тиімді басқарушы-менеджерлерді әзірлеу масқатында іске қосылған болатын. Кадрлық қорға арналған тегін жоғары білім берудің әлеуметтік жобасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде бастау алып, болашағы зор деген жас мамандарға М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында білім алу гранттары тапсырылған еді.
Бакалавриат бойынша білім беру грантына талаптанған «Қамқор Мененджмент» компаниялар тобының қызметкерлері үшін теміржол саласындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес және техникалық орта-арнайы немесе жоғары бейінді емес білімінің бар болуы, сондай-ақ, үміткердің жас шамасы 35 жылдан артық болмауы шарт болды. Сонымен қатар, үміткерлер қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, тікелей жетекшінің қолдаухатын алуы тиіс болды. Әрине, теміржолшы әулеттерінен шыққандарға белгілі дәрежеде артықшылық берілді. Осылай, «Қамқор Менеджмент» басшылығы инвестицияны білімге сала отырып, біліктілігі жоғары қызметкерлер құрамына, ал еңбеккерлер компания есебінен білім ала отырып, кәсіби және мансаптық өсімге ие болатынын жақсы түсінді.
Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры Бақытжан Қуанышев түлектерді оқуды сәтті аяқтаумен құттықтап, дипломдарды тапсырды.
– Ең тиімді инвестиция – бұл адамға қаражат жұмсау, тұлғаны дамыту. Сіздер бүгін жоғары білімді, дипломды маман атанып отырсыздар. Өз салаларыңыз бойынша кәсібилікке ұмтылып, биік шыңдарды бағындыруға жол ашық. Оқу бағдарламасына тек қамқорлықтар үшін локомотивтерге сервистік қызмет көрсетумен, жүк вагондары мен теміржолдарды жөндеумен, халықаралық стандарттар мен әлемдік тәжірибеге жауап беретін технологиялар бойынша мамандандырылған жылжымалы құраммен байланысты арнайы тақырыптар енгізілгенін атап өту керек, – деді оқу орнының басшысы.
Студенттер оқу процесіне белсенді қатысып қана қоймай, академияның спорт, мәдени және ғылыми өміріне де белсене қатысқан. «Көліктік техника» факультетінің стундеттерін даярлаудың сапасын жақсарту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен бірге жылжымалы құрамды пайдалану және жөндеу, вагон және локомотив құрылысы сияқты салаларда жетекші мамандардың дәрістері ұйымдастырылған. Теориялық курсты игеру локомотивтер мен вагондарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімдерді қолдану мүмкіндігін берді. Ал тәжірибе барысында студенттер оқу құралы ретінде Alstom компаниясымен берілген зертханалық жадбықтарды құрастыруға қатысқан.
Студенттер үшін «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының топ-менеджментімен арнайы дәрістер ұйымдастырылыпты. «Қамқор Менеджмент» компаниясында болашақ теміршолшылармен өздерінің білім-тәжірибелерімен бөлісетін кәсіпқойлар жұмыс істейтінін атап өту қажет. Оқытудың мұндай тәсілі қай жағынан да ұтымды және тиімді болыпты.
Тағы бір айта кетерлігі, алғашқы жылы студенттер күндізгі бөлімде білім алып, оларға академия тарапынан жатақхана ұсынылып, компания әр студентке 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлеп отырған. Бұдан әрі оқу сырттай және қашықтан оқыту бойынша жүзеге асырылып, студенттер «Қамқор» компаниялар тобында немесе оның филиалдарында еңбек еткен.
– Бізге ойлауы терең, көліктік кешеннің сегменттерінде күрделі өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті, білімді, жоғары санатты мамандар қажет. Қызметкерлер құрамын оқыту компанияның басым міндеті және ынталандырудың тиімді әдісі болып табылады. Еңбеккерлерімізді оқыту мақсатына ҚазККА-ға 100 млн-нан астам теңге бөлінді. Бір қызметкер-студенттің оқуы 2,7 млн теңгені құрады. Академиядағы оқуларын бітіріп шыққан қызметкерлер біздің компаниямызда бес жыл жұмыс істеп шығулары тиіс, – деді «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Талғат Датбаев.
Талған Шағиұлы кадрлық қордың бағдарламасы осымен аяқталмай, әлі де жалғасатынын айтады. Қызметкерлер магистратураға түсіп, «General Electric» және «Alstom» сияқты кәсіпорындарда тағылымдамадан өте алатын болады. Бүгін қолдарына дипломдарын алған грант иелерінің арасында компанияның болашақ басқарушылары мен топ-менеджері болуы да ықтимал.
Салтанатты рәсім соңында академияда қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша «Қамқор Менеджмент» компаниясының жетекшілері мен түлектер Мұхамеджан Тынышбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жас шыршаларды екті.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті