Құбылмалы ауа-райы қауіпсіздікке сын
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы басшылығының қолайсыз ауа райында барлық аудандық электр станциялары мен аға электр механиктеріне жоғары вольтты желілерді жоспардан тыс тексеру жөнінде тапсырмасы бар.
Бүгінде Ақтөбе өңірінің қысы да құбылмалы, көктемдегі күн райы да түсініксіз деуге болады. Сондықтан, тексеріс саны да әдеттегіден артып отыр.
Жыл басынан бері жоспарлы тексеруге қарағанда кезектен тыс бақылау жұмыстары көбейген. Жоғары вольтты желілер мен электр тораптарын шамамен 1900 км жүріп өту керек болса, мамандар 2800 км жүріп шыққан. 12600 км кезектен тыс тексерілген. Белгі беру құралдары да әдеттегіден екі есе артығымен қаралған екен. 336 калибровканың орнына 755 данасы қадағаланған. 56 рет оқшаулау кабелін тексеру жоспарланса, іс жүзінде 73 рет қаралыпты.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мекемеде өзге де алдын алу шаралары қолға алынып келеді. Есептік кезеңде бірде-бір ақау, пойыздардың уақытынан кешіктірілуі немесе электрмен жабдықтау техникаларының істен шығуы секілді жайттар тіркелмеді.
– 2017 жылдың 4 айында техникалық қондырғылардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында 30 км жоғары вольтты желілерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 км сым ауыстырылды. 10 ағаш баған алмастырылды. Желілердегі 16 оқшаулағыш қондырғы күшейтілді, – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Сәкен Орынбаев.
Дегенмен, осы саладағы барлық құрылым басшыларына дистанция аумағында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында ескерту, алдын алу секілді шараларды тоқтатпау жөнінде ұсыныстар айтылды. Әсіресе, қазіргідей, күн райының құбылмалылығына байланысты кезектен тыс тексерулер тоқтамау керек. Күрделі метеорологиялық жағдайларда дереу жедел жоспар құрып, сол бойынша әрекет ету қажет. Орталықтандырылған тұйықтау қондырғылары қалыпты жұмыс істемеген жағдайда станциялар мен разъездерге дизель-генераторға ауысу үшін жағдай жасалуы ескертілді. Сонымен бірге, құстардың жұмыртқалайтын уақытында электр бағандары мен өткелдерінде күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізу де ескерілмек.
Жалпы, жыл басталғалы дистанция басшылары 45 рет «Қауіпсіздік күнін» өткізіпті. Жұмыс бригадалары мен кезекші электр монтерларының, энергодиспетчерлік аппараттардың жұмыстары тексеріліп, ескертулер актіге тіркелген.
Нәтижесінде 5-10 сәуір аралығында бұрмалар мен бұғаттау қондырғылары, байланыс желілерін көктемгі тексеру кезінде ескерту болмаған.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті