Еңбек қатынастарына ерекше назар            

Жаңалықтар
02.06.2017, 09:06
Оқуға 2 мин
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне «ҚТЖ-ЖТ» АҚ және Магистралдық желі дирекциясы кадр бөлімінің бас менеджерлері келіп, саладағы құрылымдық өзгерістерге байланысты еңбек қатынастары, Еңбек Кодексі мен Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер, т.б. мәселелерге қатысты түсінік берді.  Теміржолшылардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы мен еңбек заңнамаларының сақталуы жайлы сөз қозғаған Алма Тұрарқызының айтуынша мұндай жиын осыған дейін алты бөлімшеде өткізілген. –«ҚТЖ» ҰК президентінің пәрменімен төрт жұмыс тобы құрылып, сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру, аймақтардағы теміржолшылардың бүгінгі тыныс-тіршілігін өз көзімізбен көріп, шешімін таппаған мәселелерді жергілікті жерлерде шешуге күш салу, ал мәселе шешілмеген жағдайда құжаттар рәсімдеп құзыретті инстанцияларға ұластыру мақсатында жолға шықтық. Бүгін міне сіздермен кездесіп отырмыз, – деген Алма Саулебаева  аймақ теміржолшыларының сауалдары мен өтініш-тілектерін тыңдауға дайын екенін білдірді. Әрі қарай теміржолшылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар түсінік беру басталды. Басты тақырып, әрине әлеуметтік мәселе болды. Алма Тұрарқызы, Ұлттық компания қандай да қаржылық қиындықтарға қарамастан  теміржолшылардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына қомақты қаражат бөліп отырғанын нақты мысалдармен айтып өтті. Мәселен бір ғана тіс емдету мен протез жасатуға 2015 жылы – 209 миллион теңге, 2016 жылы – 220 млн, биылғы жылы 232 млн теңге қаражат бөлінуі қазіргі қаржылық тұрақсыздыққа қарамастан сала бойынша қалыптасқан дәстүрдің жалғасып отырғаны айғақтайды деді.  Сондай-ақ, сауықтыру шипажайына берілетін жолдама, әлеуметтік жеңілдіктер, тоқсандық сыйақы, еңбек төлемі қоры мен үнем мәселесі кеңінен сөз болды. Түстен кейін жұмыс тобы мекемелерді аралап, түсіндіру жұмыстарын онда да жалғастырды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті