Боздақтарға тағзым етті
ХХ ғасырдың басында халқы үшін қалтқысыз қызмет еткен қазақ зиялыларын «ұлтшылдық» деген желеумен жала жауып, жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқаны – біздің тарихымыздағы өкініш пен қайғыға толы қазалы беттер.
Сан мыңдаған ұлт зиялыларын қырып салған кеңестік саясаттың салқыны тигендердің қатарында осы асылдарымыздың жұбайлары, аналары мен балалары және қарындастары да болды. Олар өмір бойы «халық жауының» туыстары деген атты арқалап, көп жылдардан кейін ғана ақталғаны мәлім. Тек қандастарымыз ғана емес, Кеңес үкіметіне қарасты көптеген ұлттардың зиялы қауым өкілдерінің әйелдерін айдап әкеліп, 5-тен 8 жылға дейін абақтыға тоғытқан Ақмола өңіріндегі «АЛЖИР» түрмесі сол сұрапыл жылдардың өшпес таңбасы. Сол тар жол тайғақ кешу жылдардың көрінісін көз алдыңа әкелетін әйелдер лагерінің орнында бүгінде мұражай мемориалдық кешені ашылған. Атаулы датаға байланысты Қазақстан темір жолының 60 қызметкері Алжирге арнайы барып, тарихи орындағы «Тасты жарып шыққан гүл» ескерткішіне боздақтар құрметіне гүл шоқтарын қойды.
–Бұл кешен туралы телеарна, газеттер арқылы хабардармыз. Ал өз көзіммен көріп, аралап тұрғаным осы. Алған әсерім ерекше. Асыл апаларымыздың қандай қиындық көргені, оларды қалай қорлағанын жанымызбен сезініп, олардың сондай қиындықтарға мойымай өз жұбайларын сатпаған қайсар рухына тәнті болдық, – дейді «Вагон-сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Ақмола филиалы техникалық бөлімінің бастығы Төлеш Усаев.
Кешенді толық аралап шыққан теміржолшылар «Алжир» туралы деректі фильмді көрді. Шараны ұйымдастырған «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» тораптық филиалының төрағасы Серік Сәрсекеевтің айтуынша, ұлттық компания қызметкерлері аталған кешенге жыл сайын келіп, боздақтарға тағзым етуді дәстүрге айналдырған.
Райхан РАХМЕТОВА
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті