Балалар қуанған күн
Халықаралық балаларды қорғау күні Атырау жүк тасымалы бөлімшесі теміржолшылардың балалары үшін есінен кетпейтін қызықты мерекелік шара өткізді.
Алдымен «Ақжайық» стансасына экскурсияға барған балаларға маневрлі тепловоздың жұмысы таныстырылды. Машинист нұсқаушысы Асқар Сарыбаев балаларға тепловоз туралы толық мағлұмат беріп, тепловоз кабинасына таласа- тармаса көтеріліп, қондырғыларын ұстап көруге ниет білдірген балаларға алып машинаның бүкіл тетіктерінің қызметін жіктеп, түсіндіріп берді. 12 жастағы Арман Максимов «Ержеткенде машинистің көмекшісі боламын, сосын машинистің өзі боламын. Тепловоз жүргізген керемет!» – деп алғашқы әсерімен бөлісіп те үлгерді.
Бұдан соң Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің акт залына жиналған балаларды бөлімшенің бас инженері Бауыржан Қартан мен бөлімшенің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Орынбасар Раисовтар мерекелерімен құттықтады. Бөлімше басшылығы жазғы демалыстың басталуына орай балаларды теміржол бойындағы қауіп-қатерлерден сақ болуға шақырды.
–Жазғы демалыс кезінде теміржолға жақын орналасқан елді мекендердегі балалар, жолдың үстіне шығып ойнайды. Балалардың вагондар терезелеріне шағуы, теміржолдың бөлшектерін ұрлауы, сондай-ақ рельстерге бөтен заттар қойып, пойыздарды шұғыл тежеуге мәжбүрлеуі сынды теріс қылықты жасауға әуес болмаңдар. Каникулды пайдалы іспен айналысып, қызықты өткізуге тырысыңдар, – деген бас инженер Бауыржан Қартан теміржолшылардың балаларының жазғы демалыс лагері ұйымдастырылатыны туралы да хабарлама айтты.
Балаларға арналған қызықты шара одан әрі қарай «Теміржол – балалар көзімен», «Ана, әке және мен», «Ержеткенде кім боламын?», «ЭКСПО-2017» атты тақырыпта сурет салу жарысына ұласты. Жеңімпаздарға сыйлық үлестірілді.
Мерекелік шара соңы балалардың кәсіподақ девизімен флешмоб биімен аяқталды. Кәсіподақ өкілдері бүлдіршіндерге тәтті тағамдар мен сусындар таратты.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті