Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруда

Жаңалықтар
10.04.2024, 11:05
Оқуға 3 мин

Болат магистралінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесуге өз үлестерін қосуды жалғастыруда. Олар гуманитарлық көмек жинауға, төтенше жағдаймен күресуге қажетті арнайы техниканы жеткізуге қатысады, құтқарушылар мен зардап шеккендерге ыстық тамақ ұйымдастырады, бөгеттерді, өзен жағалауларын нығайтуда.

23 мыңға жуық теміржолшы су тасқыны салдарымен күресуге жұмылдырылды. Қостанайлық теміржолшылар құм салынған қаптардан көпірлерді нығайтты. Атырау теміржолшылары 5 мың қап құм дайындау жұмыстарын жүргізді. Орал станциясының қызметкерлері құтқарушыларға ыстық түскі ас ұйымдастырып, гуманитарлық көмек жинап, бөгетті нығайтуда. Мақат станциясы вокзалының қызметкерлері құтқарушыларға қажетті құрал-жабдықтарды: күректер, қаптар мен қолғаптар берді. Атырау облысының теміржолшылары су басқан аудандардан кетуге мәжбүр болған бірнеше отбасын үйлеріне паналатып отыр. Жас теміржолшылар уақытша орналастыру пункттерінде қажетті көмек көрсетуде.

Елдің кейбір аймақтарында теміржол адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін жалғыз көлік болып қала береді. Су басқан станцияларға теміржол арқылы азық-түлік жеткізілуде. «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлерінің күшімен Құлсары станциясына 17 вагон гуманитарлық көмек тиеліп, жөнелтілді. Қапшағай станциясынан Шұбар-Құдыққа дейін теміржол арқылы су басқан аудан тұрғындары үшін құтқарушы болған понтондық көпір тасымалданды.

Жолаушылар пойыздары тұрғындарды су басқан аймақтардан шығаруда. Қарағанды облысы бойынша 246 жолаушы, Атырау облысы бойынша 5 793 адам тасымалданды. Темір жол арқылы зардап шеккен өңірлерден балалар сауықтыру орталықтарына жеткізілді.

 Бүкіл ел бойынша 292 вагоннан тұратын 45 шаюға қарсы пойыз жұмылдырылған. Олар су тасқынының салдарын жою үшін қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталған. 47 өрт сөндіру пойызы толық дайындықта тұр. Арнайы пойыздар 8,7 мың текше метрден астам су айдады. Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларының өрт сөндіру және шаюға қарсы пойыздарының 100 қызметкері кезекшілік етеді.

Теміржолшылар су тасқыны салдарынан зардап шеккен әріптестеріне көмек қолдарын соза білді. Оларға су соруға және үй аумақтарын қорғау үшін үйінді жасауға, тұрғын үйді жалға алуға, азық-түлік себеттерін беруге көмек көрсетілді. Құлсары станциясының эвакуацияланған қызметкерлеріне он күндік азық-түлік қоры ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ҚТЖ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін екі млрд теңге бөледі.

 Темір жолда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында темір жолдарын шайып кетудің және пойыздар қозғалысының тоқтауына жол берілмеді. Барлық өңірлерде көпірлердің құбырларын, дренаждық құдықтарды, су бұру арықтарын және т.б. қардан, мұздан және қоқыстардан 100% тазарту жүргізілді. Жалпы алғанда 3,5 мыңнан астам көпір, 6,3 мыңнан астам құбыр, 2,2 мың км астам кювет және 550,5 км таулы арықтар тазартылды. 25 көпірде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тасқын суларды жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары және т.б.) арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылды.

   Магистральдық темір желі бойындағы су тасқыны жағдайын бақылау және айналма жолдарды жүзеге асыру бойынша шаралар күшейтіліп, барлық  қауіпті деп болжанып отырған орындарға бақылау жүргізілуде.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті