Самарқаннан Астанаға қош келдіңіз!

Жаңалықтар
06.06.2017, 15:25
Оқуға 3 мин
3 маусым күні Елорданың жаңа теміржол вокзалына «Самарқан-Ташкент-Астана» жолаушылар пойызы ат басын тіреді.  Үш мың жылға жуық тарихы бар ежелгі көне қала Самарқан мен қазақ елінің астанасын жалғайтын  жаңа халықаралық пойыз қос ел басшыларының екіжақты ынтымақтастықтығы аясында жүзеге асырылды.       «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ бірлесіп ұйымдастырған №451/452 «Самаркан-Астана» пойызы Ташкент, Сарыағаш, Шымкент, Тараз, Шу, Сарышаған, Қарағанды станциялары арқылы өткен.        Алғашқы өзбек пойызының жолаушылар құрамында Өзбекстан теміржолшыларының арнайы делегациясы болды. Оларды «Нұрлы жол» вокзалында қазақстандық әріптестері қазақы қонақжайлылықпен шашу шашып, құшақ жая қарсы алды. Көршілес темір жол әкімшілігінің өкілдері жаңа вокзал кешенін аралап, нысанның ғажайып сәулетіне тамсанып,  жоғары деңгейлі сервистік қызметімен танысты.           Өзбекстандық теміржол ардагері Баходир Юсуповтың айтуынша, осындай халықаралық пойызды ұйымдастыру екі ел өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына жатады.         -Біз Самарқаннан Қазақстанға келе жатқанда табиғаты әсем өңірлерді басып өттік. Саяхаттан керемет әсер алдық. Мен бұған дейін осындай ғажайып вокзалды көрген емеспін. Жаңа кіріп келгенде оның сәулетін көріп алған әсерім тамаша. Бұған дейін Астанада бірнеше рет болдым. Елорданың дамуына таң қалумен келемін. Сіздерге қашан да табыс пен игілік тілеймін. Енді сіздер де бізге жиі-жиі қонаққа келіңіздер, - дейді Б.Юсупов.         Самарқан мен Астана арасындағы теміржол қатынасы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Туризмнің дамуына ықпал етеді. Әсіресе, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында бұл бағдардың ашылуы өзекті болып отыр. -Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық теміржол компаниясы 21 наурыздан бастап ашқан №1/2 «Алматы-Ташкент» бағдарымен халықаралық пойыз бар. Ал мына пойыз - біздің құрам. Алғашқы сапарын 2 маусымда бастаған туристік пойыз биыл 25 тамызға дейін екі ортада қатынайды деп жоспарланған. Бірақ халықтың сұранысы жоғары болса, оны әрі қарай да соза түсетін ойымыз бар. Пойыз 9 вагоннан тұрады, оның біреуі вагон-мейрамхана,-деп ақпарат берді  «Узбекистон темир йуллари» АҚ жолаушылар басқармасының жетекші маманы Әлишер Абдуллаев.          Жаңа пойыздың алғашқы жолаушылары да қазақ пен өзбек арасын жақындастырған бағдардың ашылуына ризашылықтарын білдірді.       -Біздің ежелгі қаламыз Самарқанмен Астананы тікелей байланыстыратын пойыз шыққанына өте қуаныштымыз. Сіздердің құшақ жая қарсы алғандарыңызға да алғысымыз шексіз. Маған жаңа вокзалдарыңыз өте ұнады. Қазақстанның Астанасында осындай үлкен, әрі әсем вокзал бар екендігін еліме айтып баратын боламын,- дейді Майра Усманова есімді жолаушы.             Арнайы келген теміржол делегациясы кешке «Астана-Самарқан» пойызы қайта өзбек еліне жолға шыққанға дейін Елорданың көрнекі жерлерін аралап, қазақстандық әріптестерінің сыйлы қонағы болды. 

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті