«Жолаушылар тасымалы» АҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуде. Елдің кейбір аймақтарында теміржол көлігі адамдарды тасымалдауға арналған жалғыз құрал болып есептеледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен барлығы Қарағанды облысы бойынша – 250–ге жуық адам, Атырау облысы бойынша-6,8 мыңнан астам адам шығарылды.  

Сондай-ақ, Балқаш қаласының тұрғындарын тасымалдау үшін «Балқаш-Қарағанды» қатынасындағы №606/605 пойызға бір реттік пойыздар мен қосымша вагондар енгізілді.  

Атырау облысының тұрғындарын тасымалдау үшін «Атырау-Құлсары-Мақат» және «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша бір реттік пойыздардың жүруі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 20 рейс бойынша тұрғындарды тасымалдау жүргізілді.  

Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы су тасқынына қарсы шараларға қатысатын әскери қызметшілерді, құтқарушыларды тасымалдауға жедел көмек көрсетуде.