Сәт-сапар тілеп шығарып салды
Жаңалықтар
06.06.2017, 15:42
Шымкенттіктер «Самарқан – Астана » бағытымен жолға шыққан тұңғыш пойызды күтіп алып, сәт сапар тілеп шығарып салды.
Өзбекстан темір жолы шығарған №452 «Самарқан – Астана – Нұрлы жол» халықаралық жүрдек пойызы Сарыағаш вокзалында бір сағат, Шымкентте 20 минут аялдап, екі сатнцияда да жергілікті халық пойызды құшақ жая қарсы алып, думандатып шығарып салды.
Қос елге ортақ теміржол бағытын шығару туралы шешім осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі ел Президенттерінің Астанадағы, Сарыағаштағы басқосулары және Қ.Мамин бастаған үкіметтік жұмыс тобының Ташкентке баруының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Мұндай қадамнан кейін екі ел арасындағы өнеркәсіп, сауда-логистика, туризм және көлік қатынастары дами түспек.
Осыған дейін «Алматы – Ташкент» пойызы шыққаны белгілі. Міне, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Өзбекстанның ең көне шаһарларының бірі Самарқаннан Астанаға арнайы пойыз қатынай бастады. Ұзындығы 2 мың шақырымға жуықтайтын темір жол бағытында аталған пойыз жұмасына бір рет қатынамақ. Аптаның бесінші күні Шымкент арқылы Астанаға жол тартса, жексенбіде Шымкенттен Ташкент арқылы Самарқан бағытына жүретін болады. Астана мен Самарқан арасындағы жолды 38 сағатта жүріп өтетін пойызда жол жүру құны 28 мың теңге.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?