Түбекке Тальго келді

Жаңалықтар
06.06.2017, 15:46
Оқуға 1 мин
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, көрме қарсаңында маусым айының 1-нен бастап Маңғыстауға «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жаңа пойыз қатынасқа шықты. Алғашқы рейс - №227/228 «Астана-Нұрлы жол-Маңғыстау» жаңа жолаушылар пойызы  2 маусым күні  Астана уақытымен 18:20-да Маңғыстау станциясына келіп тоқтады. «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған 29 вагоннан құралған құрамда жолаушыларға арналған 382 орын бар. Пойыз үш бөліктен тұрады: бизнес класс, турист класс және гранд класс. Гранд класс пен турист класс 12 орындық, ал бизнес класс 10 орындық. Вагондарда жолаушыларға барлық жайлылық қарастырылған. Жуынатын орын, био дәретхана және ауа тазарту жүйелерімен қамтамасыз етілген.   Пойыздың жолда жүру уақыты 32 сағат, 45 минутты құрайды. Астана, Нұрлы жол, Есіл, Үшмұрын, Тобыл, Әйтеке би, Қандыағаш, Сағыз, Мақат, Бейнеу, Маңғыстау станцияларына аялдайды. Пойыз Астанаға қарай әр үш күн сайын қатынайды. Билет бағасы  14449 теңгеден басталып,  31176 теңгеге дейін. Аймақ тұрғындарының зор қызығушылығын туғызған ерекше үлгідегі жүрдек пойыз Маңғыстау станциясында  2 сағат 25 минут тұрақтады. Сағат 20:45-те қайта    Астанаға аттанып кетті.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті