Су тасқыны басталғаннан бері теміржолшылар еліміздің зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық жүктерді жедел тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

10 мың тоннадан астам жүк жеткізілді. Оның ішінде су, азық-түлік, ұн 12 вагон (салмағы 500 тонна).  

Авариялық-құтқару жұмыстары үшін 5,2 мың тонна құрылыс жүктері (қиыршық тас, кесек тас) тасымалданды.  

Құрама жүктер (матрастар, гигиена заттары және т.б.) 165 вагонмен (шамамен 5 мың тонна) жеткізілді.