Қазақстанда 1400 шақырымнан астам темір жол жөнделеді

Жаңалықтар / Апта саны
30.04.2024, 13:26
Оқуға 2 мин

ҚТЖ желісінде ауқымды жол жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы 1400 шақырымнан астам магистральды жөндеу жоспарлануда. Өткен жылы осындай үлкен жұмыс көлемі жүргізілді, бұл 2022 жылғы деңгейден екі есе көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Наурыз айында басталған жөндеу-жол науқаны барлық өңірлерді қамтиды. Бұл ретте рельс-шпалдық торды толық ауыстыра отырып, 570 км. астам темір жолы күрделі жөндеуден өтеді.

Елдің оңтүстігі мен батысындағы теміржолшылар бірінші болып күрделі жөндеуге кірісті. Жол жаңғырту Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Арыс – Сарыағаш (32,2 км) аралығында басталды, онда жоспарланған көлемнің 50% орындалды. Сондай-ақ, Арыс - Шымкент учаскесінің 12,2 шақырымы күрделі жөндеумен қамтылады. Наурыз айында Қызылорда бөлімшесінің Аққұм – Талап учаскесінде басталған жұмыстар аяқталды. Ақмая рзд-інен Екпенді рзд-іне дейінгі телімде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бөлімше жоспарында - 43,16 км жолды күрделі жөндеу. Атырау бөлімшесінің 70 шақырымға жуық темір жолы Мұқыр – Жантерек – Кенбай, Жамансор – 377рзд - Мақат, 15 рзд. –Аққыстау – Бақсай  учаскелерінде жаңартылады.      

Кесте бойынша магистральдық желінің Ақтөбе бөлімшесі теміржол магистралін күрделі жаңартуға кірісті. Ағымдағы жылы Ақтөбе теміржолшылары шамамен 78 км жөндейді. Маңғыстау облысында шамамен 39 км жаңғыртылады.

Қостанай өңірі бойынша Қостанай – Жаңа-Есіл және Тобыл - Құсмұрын учаскелерінде 60,7 шақырымнан астам темір жолдарын күрделі жөндеумен жаңарту жоспарлануда. Магистральдық желінің Семей бөлімшесі бойынша осындай көлем (61,1 км) жоспарланған. Павлодар бөлімшесінде Бозшакөл – Уленті, Тасқұдық – Спутник темір жол учаскелерінің 31,5 шақырымы жаңғыртылуда. 24 км жолды сауықтыру бойынша міндеттер қарағандылық теміржолшылар алдында тұр. Жоспарлы күрделі жөндеу шеңберінде үлкен жұмыс көлемі (110 км) магистральдық желінің Ақмола бөлімшесінің шекарасындағы учаскелерде орындалатын болады.

Күрделі жаңартудан басқа, теміржолшылар жолды орташа жөндеуді күшейтеді. Бағыттамалы бұрмаларды өзгертеді. Рельсті тіректерді, рельсті жолдарды және басқа да алдын алу шараларын үздіксіз ауыстырады.

  Жол жұмыстары арнайы техниканы қолдана отырып жүргізіледі. ҚТЖ желісінде барлығы 730 астам түрлі машиналар бар: Duomatic, Unimat MF, түзету-ұсақтау-рихтау машиналары, RM-80, RM-2002, "Atlas" рельсті тегістеу пойыздары және т. б.

Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізуді талап етеді. Бұл жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына әсер етеді.

Жолды жыл сайынғы жөндеу жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде теміржол инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті