ҚТЖ су тасқыны салдарымен күресу аясында қолдау көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Табиғи апат орын алған кезден бастап 23 мыңнан астам азамат басқа өңірлерге темір жолмен тасымалданды.
Олардың басым бөлігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар, сондай-ақ, су басқан аудандарға құтқарушылар мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жеткізілді.
Темір жол арқылы тасқынмен күрес мақсатында 1,1 мың бірлік ауыр арнайы техника жеткізілді.